Иранның Батыс Әзербайжан провинциясына қарасты Селмас қаласында болған су тасқыны салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам із-түзсіз жоғалды.
Жартылай ресми «Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Батыс Әзербайжан провинциясындағы Қызыл Жарты Ай ұйымының басшысы Хамид Махбуби Селмас қаласында су тасқыны болғанын мәлімдеді.
Махбубидің айтуынша, алғашқы мәліметтерге сәйкес, табиғи апаттан Селмас қаласына қарасты Каниян ауылы ең көп зардап шеккен. Су тасқыны салдарынан екі адам көз жұмып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалған.
Ол ауылдағы 17 тұрғын үйдің зақымданғанын, 78 адамның табиғи апаттан зардап шеккенін хабарлады. Сонымен қатар су тасқыны кезінде алты адам жарақат алғанын атап өтті.





















