ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
Албанияда “TikTok” бұғатталды
Билік өкілдері қосымшаның жастар арасындағы зорлық-зомбылықты өршітіп жатқанын алға тартып, оны бұғаттау туралы шешім қабылдады.
Албанияда “TikTok” бұғатталды
/ AFP

Албания билігі елдегі барлық интернет-провайдерлерге “TikTok” қосымшасын бейсенбіге дейін бұғаттау туралы нұсқау берді.

Электрондық және пошта байланысы агенттігінің мәлімдемесіне сәйкес провайдерлер “TikTok” қосымшасына қатысты “IP” мекенжайлары мен “DNS” серверлерін бұғаттауы тиіс.

Премьер-министр Эди Рама “TikTok” қосымшасын бұғаттау туралы шешімді алғаш рет желтоқсан айында жариялаған болатын. Бұл шешім әлеуметтік желіде басталған жанжалдың Тиранадағы мектеп маңында төбелеске ұласуы салдарынан 14 жастағы оқушының қаза тауып, тағы біреуінің жарақат алуынан кейін қабылданды.

Жастардың таңдауы, пікірталастардың өзегі

Шексіз видео ағынын ұсынатын “TikTok”  бүкіл әлем бойынша бір миллиардтан астам белсенді қолданушыға ие болып, әсіресе жастар арасында аса танымал болды.

Алайда Қытайда жасалған бұл платформа үнемі даулы тақырыптардың ортасында қалып отыр. АҚШ-та “TikTok” тыңшылық жасады деген айыптауларға тап болса, Еуропалық Одақ оны Румыниядағы президенттік сайлауда әсіре оңшыл үміткердің пайдасына манипуляция жасады деген күдікпен тергеуде.

Албанияда билік TikTok-ты мектептерде зорлық-зомбылық, соның ішінде төбелестердің күшеюіне ықпал етеді деп айыптады.

Оппозиция тыйымға қарсылық білдірді

Оппозициялық партиялар қосымшаға тыйым салынуы алдағы парламенттік сайлау алдындағы өздерінің үгіт-насихат кампанияларына кері әсерін тигізеді деп мәлімдеп, тыйымға қарсы наразылыққа шақырды.

Әлем бойынша “TikTok” жабық ақпараттық орта қалыптастырумен, ашық емес алгоритмді қолданумен, әсіресе жастар арасында жалған ақпараттың, заңсыз, зорлық-зомбылыққа толы немесе әдепсіз мазмұндардың таралуын ынталандырумен айыпталып келеді.

Пәкістан, Непал және Францияның Жаңа Каледония аймағы сияқты бірқатар ел әртүрлі мерзімге бұл қосымшаны тыйым салған.

Сонымен қатар кейбір елдерде “TikTok”  жалған ақпарат бар видеоларды анықтау мақсатында ондаған фактчекинг ұйымдарына қаржы төлейтіні белгілі.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты