ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ өкілі: «Ресей Аляскадағы кездесу барысында бірден келісімге келді»
Трамптың Зеленский және Еуропа көшбасшыларымен Вашингтонда өткізген кездесуінен кейін бейбітшілікке бағытталған әрекеттерде ілгерілеу бар екені хабарланды.
АҚШ өкілі: «Ресей Аляскадағы кездесу барысында бірден келісімге келді»
/ DPA

АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың мәлімдеуінше, өткен апта Аляскада АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасында өткен кездесуде ресейлік ресми өкілдер бірден ымыраға келген.

Уиткофф сейсенбі күні «FOX News» арнасына берген сұхбатында: «Аляскадағы алғашқы кездесуде ресейлік тарап бірден ымыраға келді. Бұл арқылы біз Ресейдің бейбітшілік келісіміне  деген ниетін анықтадық», - деді. Алайда ол нақты қандай ымыралар жасалғаны туралы ашып айтпады.

Уиткоффтың айтуынша, Анкоридждегі келіссөздер уақытша бітімнен гөрі ұзақ мерзімді бейбітшілік келісіміне қол жеткізуге бағытталған.

«Онда біз ұзақ уақыт болдық, өйткені бейбітшілік келісімі жолында ілгерілеушілік болатын. Бітім келісімі барлық шарттарды қамтымағандықтан, оны бұзу тым оңай болуы мүмкін», – деді ол.

Уиткофф: «Президенттің ойынша, Аляскадағы бұл кездесуде бейбітшілік орнатуға қажет шарт бойынша келісімге қол жеткізілді. Сондықтан неге толыққанды бейбітшілік келісімін қарастырмасқа?» – деді.

Хабарға қарағанда негізгі келіспеушілік мәселелерінің арасында жер алмасу мен Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру мәселелері бар. Киев пен Еуропа басшылары кез келген бейбіт келісімге апарар жол ең алдымен бітімнен басталуы тиіс деп санаса, ал АҚШ пен Ресей толыққанды бейбітшілік келісімін жасағысы келеді.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті