САЯСАТ
2 ... минут оқылды
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты
Израиль Ұлттық Қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Газадан 7 жыл ішінде 1 миллион 860 мың Палестиналықты күштеп көшіруді көздейтін жоспар әзірленгенін хабарлаған еді.
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты.

Еуропалық Одақ (ЕО) Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац пен Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің Газадағы палестиналықтарды қоныс аударуға мәжбүрлеу туралы мәлімдемелерінен кейін: «Газа секторының демографиялық құрамын немесе аумағын өзгертуге бағытталған кез келген әрекетті қабылдамаймыз», - деп мәлімдеді.

Еуропалық комиссия өкілдерінің бірі Кристиан Виган күнделікті баспасөз мәслихатында “Анадолы” агенттігі тілшісінің Кац пен Бен-Гвирдің Газада этникалық тазарту жүргізу және халықты күштеп көшіру ниетін ашық білдірген мәлімдемелеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.

Виган барлық тарап жағдайды ушықтыруға емес, шиеленісті бәсеңдетуге күш салуы керек екенін атап өтті.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2735 қарарына сілтеме жасаған Виган: «Газа секторының демографиялық құрамын немесе аумағын өзгертуге бағытталған кез келген әрекетті қабылдамаймыз», - деді.

Оның айтуынша, Газа секторы Батыс Шериямен бірге біртұтас аумақ ретінде болашақ Палестина мемлекетінің құрамдас бөлігі болуы тиіс.

Виган палестиналықтарды күштеп көшіруге жол берілмеуі керектігін айтып, «Газа — палестиналықтардың болашақ мемлекетінің ажырамас бөлігі», - деді.

Бұған дейін Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Газа секторындағы 1 миллион 860 мың палестиналықты жеті жыл ішінде күштеп көшіруді көздейтін жоспар әзірленгенін мәлімдеген еді.

Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац та палестиналықтарды Газа секторынан күштеп көшіру жоспарының «күші жойылмағанын», тек әзірге тоқтатылғанын айтқан болатын.

«Түптеп келгенде Газа мәселесінің нақты шешімі жоқ. Көші-қон басқармасы бұл жоспарды теңіз, әуе және басқа да барлық жолдар арқылы жүзеге асыруға дайын», - деген Кац Газамен құрлықта шектесетін Мысырдың палестиналықтарды күштеп көшіруге қарсы екенін атап өткен еді.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді