САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Сауд Арабиясына бағытталған 3 зымыран мен 4 ұшқышсыз ұшу аппараты жойылды
Сауд Арабиясының Азаматтық қорғаныс басқармасы бұған дейін Хардж уәлаяты мен елдің шығыс аймағында ескерту жүйелері іске қосылғанын хабарлаған болатын.
Сауд Арабиясына бағытталған 3 зымыран мен 4 ұшқышсыз ұшу аппараты жойылды
Сауд Арабиясына бағытталған 3 зымыран мен 4 ұшқышсыз ұшу аппараты жойылды

Йемендегі хоуситтердің Сауд Арабиясының шығыс аймағына қарай ұшырған 3 баллистикалық зымыраны мен 4 ұшқышсыз ұшу аппаратының әуе қорғанысы жүйелері арқылы жойылғаны хабарланды.

Сауд Арабиясы бастаған Араб коалициясының мәлімдемесінде хоуситтердің елдің шығыс аймағына баллистикалық зымырандар ұшырғаны айтылды.

Мәлімдемеде: «Хоусит жасақтары Сауд Арабиясының шығыс аймағына қарай ұшырған 3 баллистикалық зымыран жойылды», – делінген. Сондай-ақ елдің оңтүстігінде анықталған 4 ұшқышсыз ұшу аппараты тойтарылғаны хабарланды.

Сауд Арабиясының Азаматтық қорғаныс басқармасы бұған дейін Хардж уәлаяты мен елдің шығыс аймағында ескерту жүйелері іске қосылғанын мәлімдеген болатын.

Йемендегі Иран қолдайтын хоуситтер соңғы уақытта Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд пен елдің басқа да аймақтарына баллистикалық зымырандар және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы шабуылдар жасап келеді.

Іздеу
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді
Рим Папасына қоқан-лоққы жасалды
Президент Ердоған: «Қақтығыстардың күшеюі өңірге тек қосымша шығын әкеледі»
Президент Ердоған: «Түркия мен Әзербайжан арасына іріткі салу мүмкін емес»
Президент Ердоған Жеңіс күніне орай құттықтау жариялады
Түркия-Ирак ортақ баспасөз мәлімдемесі жарияланды
«Бұл біздің жасаған ең игі істеріміздің бірі ретінде тарихта  қалады»
Түркияның қорғаныс және авиация саласындағы экспорты артуда
Иран күштерінің өкілі АҚШ-қа қарымта соққы берілетінін ескертті
Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады
АҚШ Кубаға қарсы жаңа санкциялар енгізді
НАТО–Украина кеңесі Брюссельде шұғыл отырыс өткізді
Израиль президенті АҚШ көмегінің тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді
Францияда жүздеген мың адам наразылық шерулеріне қатысты
Президент Ердоған: «Терроризмнен азат Түркияны бірге құрамыз»