ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияның «F-16» ұшақтары НАТО аясындағы кезекшілікті қабылдады
Түркия Әуе күштері қолбасшылығына қарасты 181-реактивті авиация бөлімшесі НАТО-ның күшейтілген әуе кеңістігін күзету миссиясы аясындағы «Блок-72» кезекшілігін қабылдады.
Түркияның «F-16» ұшақтары НАТО аясындағы кезекшілікті қабылдады
Түркияның «F-16» ұшақтары

Министрліктің «Nsosyal» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған мәлімдемеде 181-реактивті авиация бөлімшесінің 29 шілдеде Эстониядағы Эмари әуе базасына орналасқаны айтылды.

Мәлімдемеге сәйкес, бөлімше 30–31 шілде күндері аймақпен танысу мақсатында ұшуларын орындап, жоспарланған брифингтер мен барлық дайындық жұмысын аяқтады.

«31 шілдеде Эстония тарапы ұйымдастырған кезекшілікті тапсыру рәсіміне НАТО өкілі, «AIRCOM» әуе қолбасшылығы мен басқару бөлімінің жетекшісі полковник Кит Д. Макки, Эстония Қорғаныс министрі Ханно Певкур, Португалия Ұлттық қорғаныс министрі Жоау Нуну де Ласерда Тейшейра де Мелу, Түркия өкілі, Түркияның Эстониядағы елшісі Башак Түркоглу және Түркия Әуе күштері қолбасшылығының қызметкерлері қатысты. 181-реактивті авиация бөлімшеміз 2026 жылдың 1 тамызда сағат 09:00-ден бастап НАТО-ның күшейтілген әуе кеңістігін күзету миссиясы аясындағы «Блок-72» кезекшілігін қабылдады. Миссия барысында тәулік бойы жедел әрекет ету кезекшілігі ұйымдастырылып, НАТО және Эстония Әуе күштерімен бірлескен операциялар орындалады», – делінген мәлімдемеде.

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді