САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израиль күштері Сирияға артиллериялық соққы жасады
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіндегі Кунейтра уәлаятының бірқатар ауылына әскери техникамен басып кіріп, үйлерді тінтіді.
Израиль күштері Сирияға артиллериялық соққы жасады
Израиль күштері Сирияға артиллериялық соққы жасады

Сирияның мемлекеттік «Әл-Ихбария» телеарнасының хабарлауынша, Израильдің басқыншы күштері Кунейтраның оңтүстігіндегі Брика ауылына әскери көліктермен басып кірген.

Сондай-ақ Израиль әскерлерінің осы аймақтағы Расм әл-Акраф ауылында да рейд жүргізгені хабарланды. Сондай-ақ Израиль күштерінің ел астанасы Дамаскінің батысындағы ауылдық аумақта орналасқан Бейт-Джин елді мекені мен әт-Тиләл әл-Хумур аймағының арасына екі артиллериялық снаряд атқаны хабарланды.

Рейд пен артиллериялық атқылаудан кейін адам шығыны немесе материалдық залал туралы ақпарат берілген жоқ. Сирия билігі де бұл мәселеге қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сирияның оңтүстігіндегі Кунейтра мен Дера уәлаяттарында Израиль күштері жиі рейд жүргізіп, тінту, ұстап әкету шараларын өткізіп, әскери бақылау бекеттерін орнатып келеді.

Соңғы рет Израильдің әскери ұшақтары 18 тамызда Идлибтегі Әбу Зухур әскери әуежайының ұшу-қону жолағына 8 рет әуе соққысын жасап, инфрақұрылымға зиян келтірген еді.

Израиль 1967 жылдан бері Голан жоталарының басым бөлігін бақылау келеді. 2024 жылдың соңында Сирияда Баас режимі құлағаннан кейін Израиль 1974 жылғы Күштерді ажырату туралы келісімнің күшін жойды деп мәлімдеп, Сирия аумағындағы буферлік аймақ пен Шейх тауының (Хермон тауы) Сирияға тиесілі бөлігін басып алған болатын.

Сирия президенті Ахмед Шара 26 шілдеде жасаған мәлімдемесінде халықаралық тараптардың қатысуымен Израильмен қауіпсіздік туралы келісімге қол қою бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтқан.

«Егер келісімге қол жеткізілсе, Сирияның басып алынған Голан жоталарына қатысты құқықтарынан бас тартпай-ақ, жан-жақты бейбітшілікке жол ашылады», – деген еді ол.

Іздеу
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
"АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким "кез келген уақытта" кездесуі мүмкін"
Ресей: «Украинаның энергетика, әскери және порт нысандарын нысанаға алдық»
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»
АҚШ Ирактың қауіпсіздігін қолдау үшін 800 миллион долларлық сауданы мақұлдады
Суданда Жедел қолдау күштері шабуылынан 5 бейбіт тұрғын қаза тапты
"Мен АҚШ президенті болмасам, Израиль жойылып кетер еді"
Иран: «Ормуз бұғазынан заңсыз өтпек болған супертанкер минаға соғылып, өртке оранды»
Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс күшейді: MQ-9 дроны атып түсірілді
Си, Путин және Моди Бішкекте кездеседі: Еуразия көшбасшылары ШЫҰ саммиті үшін Қырғызстанда
Сирия президенті YPG-нің бұрынғы басшысы Абдиді президент кеңесшісі етіп тағайындады
Иран: «Теңіз блокадасы жалғасса, АҚШ экономикасын құлдыратамыз»