ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Путин тәжірибелі дипломатты Түркияға елші етіп тағайынды
Мәскеу Украина және аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі дипломатия саласында Түркияның рөлі артып жатқанын ескере отырып, тәжірибелі келіссөзші Сергей Вершининді Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындады.
Путин тәжірибелі дипломатты Түркияға елші етіп тағайынды
Путин тәжірибелі дипломатты Түркияға елші етіп тағайынды / AFP Archive

Ресей президенті Владимир Путин тәжірибелі дипломат Сергей Вершининді Мәскеудің Түркиядағы елшісі етіп тағайындады. Путиннің бұл қадамы Украинаға қатысты соғыс дипломатиясы жалғасып жатқан өте нәзік кезеңде жасалды.

Президент жарлығымен бекітілген бұл тағайындау бұрынғы елші Алексей Ерховтың қызмет орны ауысқаннан кейін Анкарада бес ай бойы бос тұрған орынды толтырады. Осы уақытқа дейін Ресей елшілігін уақытша сенімді өкіл басқарып келген болатын.

Көптеген жыл бойы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған және Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста жұмыс істеген Сергей Вершинин Мәскеудің БҰҰ істері мен аймақтық дағдарыстарды қоса алғанда, көпжақты дипломатиядағы ең тәжірибелі келіссөзшілерінің бірі болып саналады.

Вершининнің Анкараға келуі Түркияның Мәскеу мен Киев арасындағы маңызды бітімгер ретіндегі рөлі артқан тұсқа дөп келіп отыр. Анкара соғыс басталғаннан бері тараптар арасындағы келіссөздерге үй иесі болып, Қаратеңіз астық келісіміне араағайындық жасады және екі тараппен де байланыс арналарын сақтап келеді.

Анкара үшін Вершининнің тағайындалуы қақтығыс белгісіз кезеңге өтіп, дипломатиялық күш-жігерге деген қажеттілік артқан тұста Түркияның Ресей үшін де, НАТО одақтастары үшін де стратегиялық маңызы зор екенін айқындай түседі.

Путин тағы бір жарлығымен Ресейдің Мысырдағы елшісі Георгий Борисенконы Ресей Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары етіп тағайындады. Бұл қадам Ресейдің дипломатиялық корпусындағы ауқымды қайта құру жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.

Іздеу
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
Түркия Израильдің Сирия аумағындағы заңсыз әрекеттерін айыптады
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
Испанияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді