САЯСАТ
2 ... минут оқылды
БҰҰ: Израильдің балаларды әдейі нысанаға алуы — Газада жалғасып жатқан геноцидтің бір бөлігі
Үш мүшеден тұратын комиссия палестиналық балалардың бұрын-соңды болмаған өлім-жітімге, жарақаттарға және психологиялық соққыларға (травмаларға) тап болғанына назар аудара отырып, геноцид туралы тұжырымын қайталады.
БҰҰ: Израильдің балаларды әдейі нысанаға алуы — Газада жалғасып жатқан геноцидтің бір бөлігі
БҰҰ: Израильдің балаларды әдейі нысанаға алуы — Газада жалғасып жатқан геноцидтің бір бөлігі

Біріккен Ұлттар Ұйымы зерттеушілерінің мәлімдеуінше, Израильдің палестиналық балаларды әдейі нысанаға алуы Газада жүргізіліп жатқан геноцидтің негізгі элементіне айналған.

БҰҰ-ның халықаралық тәуелсіз тергеу комиссиясы «палестиналық балалардың Израиль қауіпсіздік күштері тарапынан әдейі нысанаға алынғаны және өлтірілгені» туралы айғақтар тапқанын жариялады.

БҰҰ атынан тікелей мәлімдеме жасамайтын үш адамнан тұратын тергеу тобы алғаш рет өткен жылдың қыркүйек айындағы есебінде Израильдің Газаға қарсы соғысында геноцид жасағанын анықтаған болатын.

Жарық көрген соңғы есепте болса Израильдің әскери операцияларының қарқындылығы мен жүйелі сипатының жалғасып жатқаны, бұл жағдайдың палестиналық балалар арасында «бұрын-соңды болмаған» деңгейде өлімге, жарақаттануға және психологиялық соққыларға жол ашқаны атап өтілді.

Лауазымды тұлғалар Израиль билігі мен қауіпсіздік күштерінің Газада «геноцид қылмысын жасауды жалғастырып жатқаны» туралы қорытынды жасауға «заңды себеп» бар екенін мәлімдеді.

Газада балалық шақ «жойылды»

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі тарапынан 2021 жылы құрылған комиссия ауыр физикалық және психикалық жарақаттардың, жаппай психологиялық соққылардың, тұл жетім қалудың, отбасынан ажыраудың, мүгедектіктің, қайталанатын депортациялардың, аштықтың, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінің күйреуінің Газадағы «балалық шақты жойып жібергенін» және аймақтағы балаларға өмір бойы әсер ететінін атап көрсетті.

Тергеу жүргізуші топқа жетекшілік ететін үндістандық судья Шринивасан Муралидхар: «Израиль балаларды нысанаға ала отырып, Палестина халқының өмір сүру және өз болашағын айқындау қабілетінің дәл өзіне шабуыл жасауда. 2025 жылғы қазан айындағы бітім келісімінен кейін де балалар өлім құшып, ауыр жарақат алуын жалғастыруда», — деген тұжырымын білдірді.

Іздеу
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
ЕО мен Бахрейн стратегиялық серіктестік жөніндегі келіссөздерді бастады
Ресей: «Украинаның дрон шабуылдарынан 3 адам қаза тапты»
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
Трамп НАТО саммиті негізгі мәселелерді шешті деп мәлімдеді, альянстың бірлігін мақтады
Трамп: "Бүгін кешке Иранды қатты соққыға аламыз деп ойлаймын"
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
"Еуропа ұжымдық қорғаныс мәселесіндегі шынайылығын НАТО-да Трампқа көрсетеді"
Иран армиясының қолбасшысы: «Хаменеидің кегін аламыз»
Дания Қытай Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Трамп Иранмен келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Кремль Украинаға қысымды күшейтетінін хабарлады
Израиль Сирияның Дара өңіріндегі егін алқаптарын нысанаға алды
«Аса қажеттілік туындамаса, Трамп Иранға әскер жібермейді»
Ливанда Израиль шабуылдарынан 4 297 адам қаза тапты