Өзбекстанның Мемлекеттік тарих музейі ЮНЕСКО тізіміне енді
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитеті «Ташкенттің заманауи сәулеті» аумағын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізгеннен кейін «Outdoor Factory» компаниясының жобасы бойынша жаңғыртылған Өзбекстан Мемлекеттік тарих музейі аймақтың көрнекті нысандарының бір
Өзбекстанның Мемлекеттік тарих музейі ЮНЕСКО тізіміне енді
Өзбекстан Мемлекеттік тарих музейі

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитеті «Ташкенттің заманауи сәулеті» аумағын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізгеннен кейін Түркиялық «Outdoor Factory» компаниясының жобасы бойынша жаңартылған Өзбекстан Мемлекеттік тарих музейі аймақтың көрнекті нысандарының біріне айналды.

1876 жылы құрылған Өзбекстандағы ең көне музей саналатын Өзбекстан Мемлекеттік тарих музейінің экспозиция алаңдары, келушілерге арналған қызмет көрсету жүйесі мен цифрлық инфрақұрылымы толықтай жаңартылды.

Қорында 250 мыңға жуық жәдігер сақталған музейде цифрлық таныстыру жүйелері, мультимедиалық технологиялар, интерактивті алаңдар мен заманауи көрме әдістері қолданылып, келушілерге ел тарихын хронологиялық ретпен таныстыратын жаңа музей тұжырымдамасы енгізілді.

150 жылдық музей толық жаңартылды

ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитетінің 2026 жылдың 27 шілдесіндегі шешімімен Ташкенттегі заманауи сәулет үлгілерін Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізді. Осы шешімнен кейін Өзбекстан Мемлекеттік тарих музейі де аталған мұра аумағындағы назар аударарлық сәулет нысандарының бірі ретінде халықаралық деңгейде танылды.

150 жылдық тарихы бар музейде тек көрме залдары ғана емес, келушілердің музей ішіндегі қозғалыс бағыты, цифрлық контент пен білім беру кеңістіктері де жаңартылды.

«Outdoor Factory» компаниясының басшысы Тойгар Иедигөз Анадолы агенттігіне берген сұхбатында мәдени мұраны сақтау жеткіліксіз екенін, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің де аса маңызды екенін атап өтті.

Іздеу
Өзбекстанда Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынуда
Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
Қазақстанда Құрылтай сайлауынан кейін үкімет таратылды
Өзбекстанда Тәуелсіздік мерекесіне орай рақымшылық жарияланды
Түркия және Қазақстан президенттері сөйлесті
Ресей мұнайы Қазақстанда өңделеді
Бішкекте көше аттары ұлттық сипатқа ие болды
Ташкентте «Әзербайжан паркі» бой көтереді
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Түркі әлемінің археологтары Венгрияда кездесті
Қырғызстанда өтетін 6-шы Дүниежүзілік көшпенді ойындарының мәдени бағдарламасы таныстырылды
Түркиялық дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Қазақстан Арал мен Каспий өңірлерін жалғайтын маңызды автожол құрылысын бастады
“HAVELSAN” Әзербайжанға маңызды басқару және бақылау жүйесін экспорттады
Қырғызстан Ыстықкөлде халықаралық жарыс өткізуде
Қырғызстан президенті Жапаров Әзербайжан президенті Әлиевпен Ыстықкөлде кездесті