САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израильдің соғысы салдарынан Газа балалары үшінші жыл қатарынан мектепке бара алмайды
Израильдің Газаға қарсы қатал соғысы анклавтағы білім беру жүйесін күйретті, себебі Израиль армиясы соғыс кезінде барлық білім беру инфрақұрылымын зақымдады немесе жойды.
Израильдің соғысы салдарынан Газа балалары үшінші жыл қатарынан мектепке бара алмайды
/ AFP

Газа секторындағы балалар бірнеше күннен кейін басталатын жаңа оқу жылында да мектепке бара алмайтын болды. Бұл жағдай қатарынан үшінші рет қайталанып отыр. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) хабарлады. Ұйым соғыс палестиналық ұрпақты білім алу құқығынан айырып жатқанын айтып ескертті.

«Білім алу – негізгі құқық, ешбір бала бұл құқықтан айырылмауы керек. Білімге қолжетімділік қорғалуы тиіс. Ол қалпына келтірілуі қажет», – деді БҰҰ өкілі Стефан Дюжаррик.

Оның айтуынша, бұл дағдарыс «Газа секторындағы бүтіндей бір ұрпақтың болашағына қауіп төндіреді».

Израильдің білімге қарсы соғысы

Израильдің Газа секторындағы соғысы қоршаудағы аймақтың білім беру жүйесін күйретті. Израиль күштері соғыс басталғалы бері білім беру инфрақұрылымының 95 пайызын зақымдаған немесе жойған.

Бұл жағдай 660 мыңнан астам баланы мектептен мақұрым қалдырды.

БҰҰ басқаратын мектептердің көпшілігі қазір қоныс аударған адамдарға баспана ретінде пайдаланылуда. Бірақ өкінішке қарай Израиль бұл баспаналарды да бомбалап отыр.

БҰҰ-ның бір есебінде Израиль күштері Газа секторындағы білім беру инфрақұрылымын жүйелі түрде жойып жатқаны және бұл әрекеттердің соғыс қылмысы екені атап өтілді.

БҰҰ-ның Оккупацияланған Палестина аумағы бойынша Тәуелсіз Халықаралық Тергеу Комиссиясының төрайымы Нави Пиллай «Біз Израильдің Газа секторындағы палестиналық өмірді жоюға бағытталған жүйелі науқан жүргізіп жатқанын көрсететін айғақтарды көбірек байқаудамыз», – деді.

«Израильдің палестиналықтардың білім беру, мәдени және діни өміріне бағытталған шабуылдары қазіргі ұрпаққа ғана емес, болашақ ұрпақтарға да зиян тигізеді, олардың өзін-өзі анықтау құқығын шектейді» деді ол.

Оккупацияланған Батыс Шерия

Дағдарыс тек Газа секторымен шектелмейді, оккупацияланған Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі мектептер де қиындықтарға тап болуда.

БҰҰ есебіне сәйкес, Израильдің әскери рейдтері, бақылау-өткізу бекеттеріндегі шектеулер, оқушыларға қысым көрсету, ғимараттарды бұзу және қоныстанушылардың зорлық-зомбылығы бұл аймақтардағы 806 мыңнан астам палестиналық баланың білім алуына кедергі келтірген.

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль Газа секторында негізінен әйелдер мен балалардан тұратын 63 мыңға жуық палестиналықты өлтірді.

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты