САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Сот үкімі Ле Пеннің президенттік арманының орындалуына кедергі болуы мүмкін
Прокурорлар кем дегенде бес жыл түрме жазасы, 324 000 доллар айыппұл және қызмет атқаруға бес жылдық тыйым салуды сұрады.
Сот үкімі Ле Пеннің президенттік арманының орындалуына кедергі болуы мүмкін

Дүйсенбі күні Франция соты Еуропа Парламентіндегі жалған жұмыс скандалына қатысты айыптау бойынша оңшыл саясаткер Марин Ле Пеннің ісіне шешім шығарады. Бұл үкім оның 2027 жылы президенттікке үміткер болу мүмкіндігін жоюы мүмкін.

Үш рет президенттікке үміткер болған Ле Пен 2027 жылы Франция президенті болуға  үлкен мүмкіндік бар деп санайды және ешқандай заң бұзушылық жасамағанын айтып отыр.

Алайда бұл істе прокурорлар Ұлттық Бірлік (RN) партиясының басқа да жоғары лауазымды тұлғалары да қосылған соттық істе Ле Пенге түрме жазасы мен мемлекеттік қызметтен шеттету жазасын тағайындауды сұрады.

Егер сот прокурорлардың ұсынысын қабылдаса, мемлекеттік қызметтен шеттету жазасы апелляцияға жеткізілсе де, күшіне еніп, оны президенттік сайлауға қатысу мүмкіндігінен айырады.

2024 жылғы парламенттік сайлаудан кейін RN парламенттегі ең үлкен партияға айналғандықтан, Ле Пен иммиграция және қымбатшылыққа қатысты қоғамдық алаңдаушылықты алға тартып, 2027 жылы Елисей сарайына баруға мүмкіндігі бар деп сенетін еді.

Сондай-ақ ол өткен жылы премьер-министр Мишель Барньенің үкіметін сенімсіздік вотумымен құлатуда маңызды рөл атқарды, бұл оның ықпалын көрсетеді.

Егер Ле Пеннің саяси мансабы аяқталса, оның орнына 29 жастағы ізбасары және RN партиясының қазіргі жетекшісі Жордан Барделла келуі мүмкін. Бірақ партия ішінде оның президенттік қызметке жеткілікті тәжірибесі бар ма деген күмән бар.

Ле Пен 2011 жылы бұрынғы Ұлттық Фронт (FN) партиясының басшылығын қабылдап, оны сайлау күші ретінде қалыптастыруға және оның негізін қалаушы әрі әкесі Жан-Мари Ле Пеннің мұрасынан арылуға бағытталған қадамдар басқан болатын.

 

Іздеу
АҚШ өкілі: «Түркия мен АҚШ арасындағы «S-400» мәселесі шешіледі»
АҚШ президенті Трамп Франция президенті Макронмен Нью-Йоркте кездесті
Ирактың Күрдістан аймақтық үкіметі "Пешмерга" күштерін  біріктіру туралы шешім қабылдады
Пәкістан Ішкі істер министрі Накви ресми сапармен Иранға барды
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»