ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
«ASELSAN» бас директоры Ахмет Акйол: «Ынтымақтастығымыз Босния және Герцеговина Қарулы күштері үшін сәтті әрі нәтижелі болсын деп тілеймін».
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді

«ASELSAN» бас директоры Ахмет Акйол Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы жүйелер жеткізу жөнінде жаңа келісімшартқа қол қойылғанын хабарлады.

Ахмет Акйол әлеуметтік желідегі парақшасында Босния және Герцеговинамен қорғаныс өнеркәсібі саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Ол дос әрі одақтас ел Босния және Герцеговинамен ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтіп, «Босния және Герцеговинада Қорғаныс министрі Зукан Хелезбен дрондарға қарсы жүйелерімізді жеткізу жөніндегі жаңа келісімшартқа қол қойдық. Бұл ынтымақтастық Босния және Герцеговина Қарулы күштері үшін сәтті әрі нәтижелі болсын деп тілеймін», – деді.

Өңірлік ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды

Акйол Босния және Герцеговинаға сапары барысында өткізілген кездесулерге де тоқталды. Ол Босния және Герцеговина Федерациясының премьер-министрі Нермин Никшичпен және Энергетика, тау-кен өнеркәсібі және индустрия министрі Ведран Лакичпен кездескенін айтты.

Акйолдың мәлімдеуінше, кездесулерде өңірдегі жұмыстар мен ықтимал ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. «Біз «ASELSAN» технологиялары арқылы әлемдік деңгейде сенім қалыптастыруды жалғастырып келеміз», – деді ол.

Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Ресей “Telegram” мен “Google” компанияларына 26 миллион рубль айыппұл салды
Ресей президенті Путин Куриль аралдарына барды