САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ сенаторы Сандерс: “Иранмен соғыс заңсыз әрі Конституцияға қайшы”
АҚШ сенаторы Берни Сандерс демократтар соғысты тоқтату үшін қарар жобаларын ұсынумен ғана шектелмей, оған бөлінетін қаржыны да тоқтатуы керек екенін айтты.
АҚШ сенаторы Сандерс: “Иранмен соғыс заңсыз әрі Конституцияға қайшы”
АҚШ сенаторы Берни Сандерс (Мұрағат).

АҚШ сенаторы Берни Сандерс елінің Иранға қарсы жүргізіп жатқан соғысын «заңсыз әрі Конституцияға қайшы» деп атап, демократтар соғысты тоқтату үшін қарар жобаларын ұсынумен ғана шектелмей, оған бөлінетін қаржыны да тоқтатуы керек екенін айтты.

Сандерс “CNN” арнасына берген сұқбатында АҚШ-та 3 қарашада өткен аралық сайлауда табысқа жеткен демократтардың алдағы кезеңде ұстануы тиіс саясатын бағалады.

АҚШ пен Иран арасында 28 ақпаннан бері жалғасып жатқан соғысқа қатысты пікір білдірген Сандерс: «Демократтардың қолынан келетіні – соғысты тоқтату. Біз бұған тек қарарлар қабылдау арқылы ғана емес, соғысқа бөлінетін қаржыны тоқтату арқылы да қол жеткізе аламыз», – деді.

«Бұл соғыс заңсыз әрі Конституцияға қайшы», – деген Сандерс соғыста 19 америкалық әскери қызметкердің қаза тапқанын, сондай-ақ Иран мен көршілес елдерде мыңдаған бейбіт тұрғынның, соның ішінде әйелдер, ерлер мен балалардың қаза тапқанын айтты.

Сандерс соғыстың АҚШ-қа жүздеген миллиард доллар шығын әкелгенін атап өтіп, бензин мен басқа да негізгі қажеттілік тауарларының бағасы едәуір өскенін мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Абдул Эль-Сайед АҚШ Сенатына сайланған алғашқы мұсылман атанды
Іздеу
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді
Рим Папасына қоқан-лоққы жасалды
Президент Ердоған: «Қақтығыстардың күшеюі өңірге тек қосымша шығын әкеледі»
Президент Ердоған: «Түркия мен Әзербайжан арасына іріткі салу мүмкін емес»
Президент Ердоған Жеңіс күніне орай құттықтау жариялады
Түркия-Ирак ортақ баспасөз мәлімдемесі жарияланды
«Бұл біздің жасаған ең игі істеріміздің бірі ретінде тарихта  қалады»
Түркияның қорғаныс және авиация саласындағы экспорты артуда
Иран күштерінің өкілі АҚШ-қа қарымта соққы берілетінін ескертті
Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады
АҚШ Кубаға қарсы жаңа санкциялар енгізді
НАТО–Украина кеңесі Брюссельде шұғыл отырыс өткізді
Израиль президенті АҚШ көмегінің тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді
Францияда жүздеген мың адам наразылық шерулеріне қатысты
Президент Ердоған: «Терроризмнен азат Түркияны бірге құрамыз»