САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ қорғаныс министрі Нетаньяхумен кездесті
Овда әуе базасында өткен кездесу Иранға қарсы шабуылдарды қайта бастау мүмкіндігі талқыланып жатқан кезеңге тұспа-тұс келді.
АҚШ қорғаныс министрі Нетаньяхумен кездесті
АҚШ қорғаныс министрі Нетаньяхумен кездесті / Reuters

«Axios» ақпараттық сайтының хабарлауынша, АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Израильге сапары барысында премьер-министр Беньямин Нетаньяхумен кездесті.

Кездесу Вашингтон мен Тель-Авив Иранға қарсы ауқымды әскери операцияларды қайта бастау мүмкіндігін талқылап жатқан тұста өтті.

Хабарға сәйкес, кездесу Израильдің оңтүстігіндегі Овда әуе базасында ұйымдастырылды. Бұл базада АҚШ-тың әуеде жанармай құятын ұшақтары мен жойғыш ұшақтары орналасқан.

Дереккөздердің бірі «Axios» басылымына Хегсеттің әуе базасында қызмет атқарып жүрген америкалық әскери қызметшілермен де кездескенін айтты.

Бұл сапар Израильде 27 қазанда өтетін парламент сайлауына сегіз күн қалғанда жүзеге асты.

Пентагон мен Израиль елшілігі бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты. Ал Нетаньяхудың кеңсесі ешқандай мәлімдеме жасамады.

Сайлау қарсаңындағы қолдау

Бұл сапар АҚШ президенті Дональд Трамптың жексенбі күні Израильдегі сайлау қарсаңында Нетаньяхуға қолдау білдіргеннен кейін өтті.

Трамп «Truth Social» әлеуметтік желісінде жариялаған көлемді жазбасында Нетаньяхудың қайта сайлануын толық қолдайтынын мәлімдеді.

АҚШ президенті Нетаньяхудың көшбасшылық қасиеттерін, әсіресе оның Иранға қатысты ұстанымы мен Вашингтонмен ынтымақтастығын жоғары бағалады.

Сонымен қатар Трамп Израиль сайлаушылары басқа басшыны таңдаған жағдайда, АҚШ ауыртпалықты жалғыз өзі көтеруге мәжбүр болуы мүмкін екенін ескертті.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті