САЯСАТ
2 ... минут оқылды
НАТО Анкара саммитінде миллиардтаған долларлық жаңа қорғаныс келісімшарттарын жариялайды
НАТО Бас хатшысы Анкара саммитінің өткен жылы Гаагада өткен саммиттен «маңыздырақ» екенін айтты.
НАТО Анкара саммитінде миллиардтаған долларлық жаңа қорғаныс келісімшарттарын жариялайды
НАТО Анкара саммитінде миллиардтаған долларлық жаңа қорғаныс келісімшарттарын жариялайды / Reuters

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте мүше елдердің әскери өндірісті кеңейтуге және ұжымдық қауіпсіздік әлеуетін нығайтуға тырысып жатқан кезеңінде альянстың шілде айында Түркияның бас қаласы Анкарада өтетін саммитте ондаған миллиард долларлық жаңа қорғаныс келісімшарттарын жариялайтынын мәлімдеді.

Бейсенбі күні Вашингтонда өткен «Atlantic Council Front Page» шарасында сөз сөйлеген Рютте өсіп келе жатқан жаһандық қауіпсіздік қатерлеріне қарсы НАТО одақтастары өздерінің экономикалық қуатын әскери әлеуетке айналдыру үшін көбірек күш салуы керектігін атап өтті.

НАТО Бас хатшысы Анкара саммитінің өткен жылы Гаагада ұйымдастырылған саммитке қарағанда «маңызды» екенін білдіріп, альянстың өз міндеттемелерін орындауының маңыздылығына тоқталды.

Рютте: «Экономикалық қуатымызды әскери әлеуетке айналдырып жатқанымызға толық сенімді болуымыз керек», — деді.

НАТО Бас хатшысы: «Бұл негізінен Атлант мұхитының арғы бетіндегі ұлттық қорғаныс өнеркәсіптерінің бытыраңқы құрылымын ретке келтіруді, Вашингтонда бюрократиялық кедергілерді жоюды және бүкіл альянс бойынша инновацияларды бірінші орынға қоюды білдіреді», — деп сөйледі.

Ынтымақтастықты кеңейту

Рютте 7-8 шілде күндері Анкарада өтетін НАТО саммиті қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты кеңейту және өндірістік қуатты арттыру бағытында қол жеткізілген ілгерілеушілікті көрсетуге тамаша мүмкіндік беретінін айтты.

«Біз ондаған миллиард долларлық жаңа келісімшарт жариялаймыз», — деген Рютте альянс көлеміндегі қорғаныс компаниялары өсіп жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін өндіріс көлемін арттырып жатқанын да білдірді.

Сонымен қатар Рютте Украина президенті Владимир Зеленскийдің саммитке қатысатынын мәлімдеп, НАТО-ның Украинаға деген қолдауын тағы бір мәрте растады.

«Президент Зеленский Анкарада бізге қосылады», — деген Рютте: «Біз оған және бүкіл Украина халқына қолдауымыздың үздіксіз екенін көрсетуді және Ресей президенті Владимир Путинге ешқайда кетпейтінімізді еске салуды мақсат тұтамыз», — деді.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды