ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Зеленский Украинасыз қабылданатын шешімдерге қатысты ескерту жасады
15 тамыз күні өтетін Аляска саммиті АҚШ пен Ресей басшыларының Байден мен Путиннің Женевадағы кездесуінен кейінгі алғашқы жүздесуі болмақ.
Зеленский Украинасыз қабылданатын шешімдерге қатысты ескерту жасады
/ AA

Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күні Ресейге жер беруден үзілді-кесілді бас тартып, «Украинасыз шешім бейбітшілікке әкелмейді», - деді.  

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы бейбітшілік мәселесін талқылау үшін келесі апта Аляскадағы кездесуге дайындалып жатқанда Зеленский әлеуметтік желіде: «Украиналықтар өз жерлерін басқыншыларға бермейді»,- деді.

«Украинасыз қабылданған кез келген шешім — бейбітшілікке қарсы шешім. Ол ешқандай нәтиже әкелмейді. Соғыс Украинасыз аяқталмайды», -  деп қосты Зеленский.

Зеленский Украинаның бейбітшілік орнататын шешімге дайын екенін, бірақ оның «абыройлы бейбітшілік» болуы тиіс екенін атап өтті, алайда нақты мәлімет берген жоқ.

Сәтсіз келіссөздер

Ресей 2022 жылдың ақпанында Украинаға қарсы әскери операция бастағалы бері он мыңдаған адам қаза тауып, миллиондаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Биыл Ресей мен Украина арасында өткен үш келіссөз нәтижесіз аяқталды, ал алдағы саммиттің бейбітшілік орнатудағы рөлі әзірге белгісіз.

Путинмен кездесудің жұма күні өтетінін жариялаған Трамп екі тараптың мүддесіне сай жер алмасу болатынын айтты, бірақ нақты мәлімет берген жоқ.

Трамп пен Путин ең соңғы рет 2019 жылы Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде Жапониядағы «G20» саммитінде кездескен болатын. Сондай-ақ қаңтар айынан бері бірнеше рет телефон арқылы сөйлесті.

Іздеу
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Иран АҚШ-қа қарымта шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Украина дағдарысын талқылады