ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
"NASA" Марстың сирек кездесетін суреттерін жариялады
Металл астероидқа қарай сапарын жалғастырып жатқан «Psyche» (Психея) ғарыш аппараты Марстың жанынан өтіп, қызыл ғаламшардың сирек кездесетін фотосуреттерін түсіріп алды.
"NASA" Марстың сирек кездесетін суреттерін жариялады
Марс ғаламшары (МҰРАҒАТ)

2023 жылдың қазан айында ұшырылған «Psyche» Марс пен Юпитердің орбиталары арасында, негізгі астероидтар белдеуінің сыртқы бөлігінде орналасқан «16 Psyche» астероидына қарай ілгерілеп барады.

Жер бетінен және ғарыштық телескоптардан жасалған бақылаулар бұл ғарыш тасының жоғары дәрежеде шағылысатын металды бетке ие екенін көрсетеді.

Ғалымдар бұл алып металл астероидты Жер, Марс, Меркурий және Венера сияқты ғаламшардардың ең ішкі қабаттарына ұқсас, ерте кезеңдегі планета құрылымтасының жалаңаш қалған ядросы болуы мүмкін деп болжайды.

Гравитациялық маневр арқылы жылдамдық арттырылды

Ғарыш аппаратының 3,6 миллиард шақырымдық сапарында жанармай үнемдеу, күн-электрлік қозғалтқыш жүйесіне демеу болу және бағытын реттеу мақсатында ұшу жоспарына Марсқа жақыннан өту маневрі енгізілді.

«Psyche» 15 мамырда қызыл ғаламшарды айналып өту барысында Марстың гравитациялық күші табиғи серпін рөлін атқарып, ғарыш аппаратының жылдамдығын сағатына мың мильге (шамамен 1600 км) арттырды және орбиталық жазықтығын Күнге қатысты шамамен 1 градусқа өзгертті.

“NASA-ның” Калифорниядағы Реактивті қозғалыс зертханасының навигация жөніндегі жетекшісі Дон Хан мәселеге байланысты жасаған мәлімдемесінде: «Марстың ғарыш аппаратына берген екпінін растадық. Қазіргі уақытта 2029 жылдың жазында "Psyche" астероидына жететіндей бағытпен ілгерілеп барамыз», — деді.

Сынақтан өткізу және сирек суреттер

Марс бетіне 4 мың 609 шақырымға дейін жақындаған «Psyche» өзінің барлық ғылыми құрылғылары мен камераларын іске қосып, нысаналы астероидқа жеткенде орындайтын операцияларының дайындығын өткізді. Ғарыш аппаратының жоғары бұрыштан жақындауы Марстың күн сәулесімен көмкерілген жіңішке жарты ай (айшық) пішінді сирек көріністерін түсіруге мүмкіндік берді.

Аризона штаты университетінің бейнелеу тобының жетекшісі Джим Белл жақындау кезіндегі жіңішке жарты ай бейнесі мен өтуден кейінгі «толық дерлік толған ай» көрінісі камераларды калибрлеу және көркем мұрағат үшін теңдессіз мүмкіндіктер туғызғанын атап өтті.

Камералар Марстың оңтүстік полюсіндегі мұз жамылғысын, беткі қабаттағы алып Гюйгенс (Huygens) кратерін, түн мен күндізгі аймақтарды және кратерлер арасында желмен ұшқан шаң жолақтарын қамтитын мыңдаған фотосуретті таспаға басты.

2029 жылдың тамыз айында астероидқа жететін «Psyche» аспан денесін толықтай картаға түсіру үшін әртүрлі биіктіктерде орбитаға орнығады.

Егер алынған мәліметтер бұл астероидтың көне планета ядросы екенін дәлелдесе, Жер мен Марс сияқты ғаламшарлардың орталығындағы жұмбақтарды ашу үшін бірегей зертхана қолға түспек.

Іздеу
Вьетнам 2030 жылға дейін 10 мың жасанды интеллект маманын дайындауды мақсат етеді
Түркия Арктикадағы климат пен экожүйе өзгерістерін зерттеуде
Қытайдың ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: "Long March 7A" зымыранында ақау шықты
“Meta” балаларға келтірілген зиянға байланысты АҚШ-та жаңа сот ісіне тап болды
Әлеуметтік тұзақ: 5 әйел «Үлкен бестікке қарсы»
Ғалымдар адам миының жұмысын модельдейтін жаңа чип әзірледі
Тарихта алғаш рет: Жасанды интеллект бақылаудан шығып, кибершабуыл ұйымдастырды
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Түркиядағы интернет қозғалысының 40 пайыздан астамын "YouTube" құрайды
Индонезияда “TikTok” пен “YouTube” балаларға тиесілі 4,7 миллион аккаунтты жапты
Түркия өз навигация жүйесін құруда
Түркия мен Испанияның қорғаныс компаниялары келісімге қол қойды
«ASELSAN» жаңа экспорттық келісімшартқа қол қойды
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Балалардың әлеуметтік желілерге тәуелділігінен туындайтын залалдың құнын кім төлейді?
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
«ASELSAN» мен Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы жаңа келісімге қол қойды
Жаңа ғарыш жарысы басталды
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды