САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Киевте Зеленскийге қарсы наразылық басталды
Заң жобасы НАБУ және САПО агенттіктерін автономиясынан айырады, сыншылардың айтуынша бұл үкіметке жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлық істеріне араласуға мүмкіндік береді.
Киевте Зеленскийге қарсы наразылық басталды
/ AP

Президент Владимир Зеленский сыбайлас жемқорлыққа қарсы екі агенттіктің өкілеттігін әлсірететін заңға қол қойғаннан кейін Украина астанасы Киевте наразылықтар басталды.

Сыншылар бұл заң Зеленскийдің қолына билікті шоғырландырып, үкіметтің жоғары деңгейдегі жемқорлық істеріне араласуына жол ашады деп есептейді.

Киевте наразылық білдірушілер бұл шараға ашу-ызаларын білдірді. Кейбіреулері "заңға вето қой" деп ұрандатты.

26 жастағы ойын дизайнері Анастасия: "Бұл заңды жылдам қабылдап жатыр. Бұл арнайы бағытталған әрекет екені анық," – деді.

"Кері қадам"

Еуропа Одағының кеңею жөніндегі комиссары Марта Кос «X» әлеуметтік желісінде Рададағы дауыс беруге алаңдаушылық білдіріп, оны "маңызды кері қадам" деп атады.

Кос "НАБУ мен САПО сияқты тәуелсіз органдар - Украина үшін ЕО-ға кіру жолында маңызды. Құқық үстемдігі ЕО-ға қосылу келіссөздерінің өзегінде болады," - деп қосты.

«Transparency International» ұйымының Украинадағы бөлімшесі парламенттің шешімін сынға алып, “Бұл шешім 2014 жылғы "Құрмет революциясынан" кейінгі ең маңызды реформалардың бірін әлсіретіп, халықаралық серіктестермен сенімді бұзады» деп мәлімдеді.

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті