ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Израильді айыптады
Режеп Тайып Ердоған Түркияның бейбітшілікті қолдайтынын, әділетсіздікке жол бермейтінін атап өтті.
Президент Ердоған Израильді айыптады
Президент Ердоған Израильді айыптады / AA


Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің өз міндеттемелерін орындамай, Газаға гуманитарлық көмектің жеткізілуін әдейі бөгеп отырғанын айтты.

Ердоған бұл мәлімдемені сәрсенбі күні Анкарада өткен Әділет және даму партиясының аймақ басшылары жиынында жасады.
«Израиль осындай гуманитарлық мәселеде де уәдесінде тұрмай, гуманитарлық көмектің кіруіне түрлі сылтаулар айтып, үнемі кедергі келтіруде»,  - деді ол.

Ердоған 11 қазаннан бері Газада атысты тоқтату орнағанына қарамастан, Израиль жермен-жексен еткен елді мекендерде қиындықтардың әлі де жалғасып жатқанын атап өтіп, Түркияның алдағы кезеңде палестиналықтарға қолдауын арттыратынын мәлімдеді.

Президент: «Қасиетті үш айда Палестинаға қолдауымызды арттырамыз. Түркия ретінде біз ешқашан үнсіз қалмаймыз, ұмытпаймыз және Газаны ешқашан жалғыз қалдырмаймыз», - деді.

Ердоған Түркияның бұл ұстанымы кең ауқымды гуманитарлық көмек саясатының бір бөлігі екенін айтып, мұқтаж жандарға үнемі қолдау көрсетіп келе жатқанын жеткізді.

«Кавказдан Балқанға, Африкадан Азияға дейінгі аймақта басына қиындық түскендерге біз ойланбастан қолдау көрсеттік. Бұл кеше де, бүгін де солай, ешқашан өзгермейді», - деп сөзін түйіндеді.

Түркия бейбітшілікті қолдайды

Президент Ердоған Түркияның бейбітшілікті қолдайтынын, алайда әділетсіздікке ешқашан жол бермейтінін атап өтті.

Президент: «Мұны біліңіздер, біз кеше қалай бейбітшілік пен тыныштықты жақтасақ, бүгін де сол ұстанымдамыз. Бірақ бұл әділетсіздікке мойынсұнып, зұлымдыққа үнсіз қаламыз деген сөз емес. Ешқашан»,- деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Сыртқы істер министрі Анкарада ХАМАС делегациясымен кездесті

Түркияның аймақтық мәселелерде өз құқықтарын табандылықпен қорғайтынын айтқан Ердоған «Мұны ашық айтқым келеді: мейлі Жерорта теңізінің шығысында, мейлі Эгейде немесе басқа бір жерде болсын, біз ешкімнің ақысын жемейміз әрі өз құқығымызды да қорғаймыз», - деді.

Ішкі қауіпсіздік мәселесіне де тоқталған Ердоған «Террорсыз Түркия жолында ілгерілеген сайын, шекарамыздан тыс жерлерде де күмән сейіліп, араб, күрд, түрікмен, сүннит және шиит бауырларымыз болашақтарына үмітпен қарай бастады», - деп атап өтті.

Президент сөзін былай түйіндеді: «Түркия  тыныштық, қауіпсіздік, даму мен әл-ауқат жолында. Алла қаласа, осы жолды соңына дейін сабырмен жүріп өтеді».

Іздеу
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Жеті елдің сыртқы істер министрлері Стамбулда бас қосады
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс келісімі Мәжілістің бекітуіне ұсын
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді
Түркия Сыртқы істер министрі НАТО Бас хатшысымен кездесті
Министр Фидан Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Ирактағы балаларға көмек көрсетті
Түркия Канадаға көңіл айтты
Түркияның коммерциялық көлік экспорты 5 миллиард доллардан асты