САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ өкілі: «Түркия мен АҚШ арасындағы «S-400» мәселесі шешіледі»
АҚШ-тың Түркиядағы елшісі әрі Сирия бойынша арнайы өкілі Том Баррак Вашингтон мен Анкара арасындағы қарым-қатынастардың бұрынғыдан да жақын екенін айтып, «S-400» мәселесін «аса күрделі мәселе емес» деп бағалады.
АҚШ өкілі: «Түркия мен АҚШ арасындағы «S-400» мәселесі шешіледі»
АҚШ өкілі: «Түркия мен АҚШ арасындағы «S-400» мәселесі шешіледі» / Reuters Archive

Баррак Түркияның Ресейден «S-400» әуе қорғаныс жүйесін сатып алуына байланысты Вашингтон мен Анкара арасында туындаған келіспеушіліктің шешілетінін мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Нью-Йорктегі Түрік үйі ғимаратының алдында журналистерге сұхбат берген Баррак АҚШ пен Түркия тараптарының екіжақты және өңірлік мәселелерді талқылау үшін тынымсыз жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдан да жақын», – деген Баррак екі тараптың тұрақты түрде диалог жүргізіп отырғанын жеткізді.

«S-400» мәселесіне қатысты сұраққа жауап берген Баррак бұл келіспеушіліктің АҚШ заңнамасынан, атап айтқанда «Американың қарсыластарына санкциялар арқылы қарсы іс-қимыл туралы заңнан» (CAATSA), сондай-ақ «S-400» жүйесінің қолданыстағы мәртебесі мен меншікке қатысты талаптардан туындағанын мәлімдеді.

Баррак бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып, оны «аса күрделі мәселе емес, екіжақты қарым-қатынас шеңберіндегі мәселе» деп сипаттады.

«Оң нәтиже»

Баррак Түркияның қорғаныс өнеркәсібіне де тоқталып, елдің «S-400» жүйесіне тәуелсіз қуатты қорғаныс өнеркәсібі бар» екенін айтты.

АҚШ пен Түркия арасындағы қарым-қатынастың ауқымы бұдан әлдеқайда кең екенін атап өткен Баррак бұл мәселені қалай шешу керектігі жөнінде әр елдің көзқарасы әртүрлі екенін жеткізді.

Екіжақты қарым-қатынастардың болашағына оң көзқарас білдірген Том Баррак екі елдің оң нәтижеге қол жеткізудің жолдарын айқындауы қажет екенін айтты.

Баррак АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арасындағы қарым-қатынасты «өте берік әрі өзара құрметке негізделген» деп сипаттады.

Бұған дейін Баррак Ердоған мен Трамптың жиын аясында кездесуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Іздеу
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
CICA Саммитінде көптеген ел өкілі Израиль президенті сөз сөйлегенде залдан шығып кетті
БҰҰ-дан Израильдің Газа секторында заңбұзушылықтарын жалғастырып жатқаны туралы ескерту
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Си Цзиньпин: "Африканың ресурстары Африкаға тиесілі" деді
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Чехия  Ресейдің НАТО-ға қарсы әрекеттері күшеюі мүмкін екенін ескертті
Туфан Ерхүрман Никос Христодулидиспен кездеседі
Зеленский Ресейді айыптады
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
АҚШ-та судья мемлекеттік қаржымен қаржыландырылған Трамп жарнамаларын тоқтату туралы шешім шығарды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтердің шабуылдарын айыптады
НАТО-ның жыл сайынғы  жаттығулары 13 қазанда басталады