САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Канадамен барлық сауда келіссөзінің "тоқтатылғанын" айтты
Трамп Канадаға тарифтерге қарсы жарнама науқанында бұрынғы президент Рональд Рейганның сөздерін бұрмалады деп айып тақты.
Трамп Канадамен барлық сауда келіссөзінің "тоқтатылғанын" айтты
Трамп Канадамен барлық сауда келіссөзінің "тоқтатылғанын" айтты / AP Archive

АҚШ президенті Дональд Трамп Канадамен барлық сауда келіссөздерін дереу тоқтататынын мәлімдеді. Ол Канаданы бұрынғы президент Рональд Рейганның сөздерін тарифтерге қарсы жарнама науқанында бұрмалады деп айыптады.

«Олардың өрескел әрекеттеріне байланысты КАНАДАМЕН БАРЛЫҚ САУДА КЕЛІССӨЗІ ОСЫ СӘТТЕН БАСТАП ТОҚТАТЫЛДЫ», – деп жазды Трамп бейсенбі күні “Truth Social” желісінде.

Трамп сонымен бірге «Рональд Рейган қоры Канаданың жалған жарнама қолданғанын мәлімдеді.” деп жазды.

Солтүстік Америкадағы көршілер арасындағы қарым-қатынастардағы бұл күтпеген өзгеріс Канаданың премьер-министрі Марк Карнидің АҚШ-тың қатаң салығын жеңілдету үшін Ақ Үйге барғанынан екі аптадан кейін болып отыр.

ҚатыстыTRT Қазақ - Канада АҚШ-пен сауда келіссөздерін қайта бастады

Рональд Рейган қоры “X” желісінде Онтарио штаты үкіметі 1987 жылдың сәуірінде Рейганның сауда туралы радиожолдауынан «кейбір аудио және бейнематериалдарды» пайдаланғанын мәлімдеді.

Қор өкілдері жарнама Рейганның сөздерін бұрмалағанын және бұл жағдай бойынша заңды шараларды қарастырып жатқанын білдірді.

Күтпеген өзгеріс

Трамп бұл жарнаманың АҚШ Жоғарғы сотының ғаламдық тарифтер туралы шешіміне ықпал ету үшін жасалғанын алға тартты. .

Сауда келіссөздерінің кенеттен тоқтатылуы Карни үшін ауыр соққы болмақ. Трамп 7 қазандағы кездесуде Карниді «әлемдік деңгейдегі көшбасшы» деп атаған еді және олардың талқылауынан кейін Карнидің «өте риза» болатынын айтқан.

Алайда сол кезде Трамп тарифтер бойынша ешқандай жеңілдік ұсынбап еді.

АҚШ пен Канада арасындағы екі бағыттағы сауданың шамамен 85 пайызы тарифсіз жүзеге асырылуда, өйткені екі ел де “USMCA” деп аталатын Солтүстік Америкалық сауда келісіміне сәйкес әрекет етуде.

Дегенмен Трамптың ғаламдық секторлық тарифтері – әсіресе болат, алюминий және автомобильдерге қатысты – Канаданы қатты соққыға ұшыратты, жұмыс орындарының жабылуына себеп болды.

Іздеу
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Шушада Түркия, Әзербайжан және Грузия ынтымақтастығы талқыланды
АҚШ Сирияға қатысты қорғаныс экспортына қойылған шектеулерді жеңілдетті
Президент Зеленскийдің мәлімдемесі Оңтүстік Кореяның наразылығын туғызды
Данияда ауқымды әскери оқу-жаттығу басталды
Ирак елдегі барлық қарулы топты қарусыздандыруды көздейтін жоспар әзірлеуде
АҚШ президенті Трамп Иранның түптің түбінде берілуге мәжбүр болатынын мәлімдеді
Судан сыртқы араласуды тоқтатуға шақырды
Президент Трамп Иран санкцияларына қатысты ақпаратты теріске шығарды
Президент Зеленский Пхеньянның Ресейге қосымша әскер дайындап жатқанын айтты
Президент Ердоған Хендрик Вюстті қабылдады
Түркия, Әзербайжан және Грузия өкілдері Бірлескен кеден комитетінің отырысын өткізді
Иран: «Иранның АҚШ-пен қандай да бір келіссөз жүргізу жоспары жоқ»
Трамп Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атады
Түркия Нетаньяхудың мәлімдемесіне үшінші хатшы деңгейінде жауап берді
Грекия премьер-министрі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қат
Зеленский: «Түркияның үшжақты бейбітшілік саммитін өткізу бастамасын қолдаймыз»
АҚШ президенті Трамп Қытай төрағасы Сиді әуежайда қарсы алды
Ливан президенті Аун Сирия министрлерінен құралған делегацияны қабылдады