ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Қытай Пәкістандағы бөгет құрылысын жылдамдатады
Қытай тарапынан салынатын бөгет үшін бетон құю процесі басталды. Бұл - елдің үдемелі даму үдерісіндегі маңызды кезең.
Қытай Пәкістандағы бөгет құрылысын жылдамдатады
/ AP

«South China Morning Post» газетінің хабарына қарағанда, Қытай Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва уалаятындағы Мохманд бөгетінің құрылысын жеделдетеді.

Электр энергиясын өндіру, су тасқынын бақылау, суару және сумен қамтамасыз ету мақсаттарына арналған бөгет 800 мегаватт (МВт) су электр қуатын өндіреді және Хайбер-Пахтунхва астанасы Пешаварды тәулігіне 1,14 миллиард литр ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Қытай мемлекеттік энергия инженерлігі компаниясы 2019 жылдан бастап Мохманд су электр энергетикасы жобасымен жұмыс істеуде және жоба келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Қытай мемлекеттік «CCTV»-дің хабарлауынша, бөгетке бетон құю басталды, бұл - Пәкістанның осы ұлттық флагмандық жобасының құрылысындағы маңызды кезең.

Бұл туралы мәлімдеме 26 адам қаза тапқан қарулы шабуылдың артынша Үндістан Пәкістанмен онжылдық Үнді сулары туралы келісімді біржақты  тоқтатқаннан кейін жасалды. Жаңа Дели Пәкістанды шабуылға қатысы бар деп айыптаса, Исламабад бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Екі ел арасындағы әскери шиеленіс 6 мамыр түні Жаңа Дели Пәкістан мен Кашмирдің Пәкістан басқаратын бөлігін зымырандармен атқылаған кезде басталды. Қақтығыс Исламабадтың 10 мамырда Үндістанның шығысындағы және Кашмирдің Үндістан басқаратын бөлігіндегі әскери нысандарға қарсы жауап соққысымен аяқталды.

Алайда АҚШ-тың арағайындығымен болған атысты тоқтату келісімі әлі де күшінде. Екі қарсылас әскери күштер «дабыл деңгейін төмендету үшін сенімді нығайту шараларын» жалғастыруға келісті.

Жаңа Дели Кашмир мәселесі Исламабадпен араларындағы екіжақты мәселе екенін мәлімдегенімен, БҰҰ-ның 1947 жылдан бері Кашмирде плебисцит өткізуге шақыратын бірнеше қарары бар. Алайда бұл шешімдердің ешқайсысы орындалмады.

Іздеу
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
Нью-Йорктегі Таймс-скверде қанды шабуыл жасалды
Израиль Сирияның оңтүстігіндегі ауылға рейд жасады
Шығыс Иерусалимдегі мектептер Израильдің қысымы салдарынан жаңа оқу жылын бастай алмады
ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы Бішкекте басталды
Африка Одағының көшбасшылары төтенше жиналды
Газада азық-түлік тапшылығы ушығып барады
Ресей Ұлыбританияның әскери базаларына соққы беруі мүмкін екенін ескертті
«Ozon» компаниясының екі логистикалық нысанына дронмен шабуыл жасалды
Газа Бейбітшілік кеңесі: “ХАМАС қару-жарағын тапсырып, басқарудан бас тартуға келісті”
Нетаньяху басып алынған Батыс Шерияда заңсыз қоныстарды кеңейтпек
Непалдағы су тасқыны мен көшкін салдарынан ондаған адам қаза тапты