ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ Әскери-теңіз күштеріне тиесілі екі әуе кемесі құлады
ЕОңтүстік Қытай теңізінде АҚШ Әскери-теңіз күштеріне тиесілі екі әуе кемесі 30 минут айырмашылықпен құлады.
АҚШ Әскери-теңіз күштеріне тиесілі екі әуе кемесі құлады
(Мұрағат) — АҚШ теңізшілері "USS Nimitz" ұшу палубасында. Оңтүстік Қытай теңізі, 14 маусым 2025 ж. / Reuters

АҚШ Әскери-теңіз күштері екі апаттың себебі зерттеліп жатқанын хабарлады.

Тынық мұхиты флотының хабарлауынша, жексенбі күні түстен кейін “USS Nimitz” әуе кемесіне тиесілі бір жойғыш ұшақ пен бір тікұшақ Оңтүстік Қытай теңізіне шамамен 30 минут айырмашылықпен құлаған.

Флоттың хабарламасында “MH-60R Sea Hawk” тікұшағындағы үш экипаж мүшесі құтқарылғаны, ал “F/A-18F Super Hornet” жойғышындағы екі ұшқыштың катапульта арқылы құтқарылғаны айтылды. Барлығы бес әскери қызметкердің жағдайы жақсы және тұрақты екені нақтыланды.

Мәлімдемеде екі апаттың себептері тергеу үстінде екені де атап өтілді.

“USS Nimitz” жаз айларында Йемендегі хоуситтердің коммерциялық кемелерге жасаған шабуылдарына жауап ретінде Таяу Шығыста қызмет атқарып, қазір Вашингтон штатындағы “Naval Base Kitsap” базасындағы негізгі айлағына қайтып келе жатқан болатын.

Бұл миссия — кеме қызметтен шығарылмас бұрынғы соңғы тапсырмасы.

Бұған дейін тағы бір әуе кемесі — “USS Harry S. Truman” да соңғы айларда Таяу Шығыстағы қызметі кезінде бірқатар апатқа ұшыраған болатын.

Желтоқсан айында жойғыш зымыранды крейсер “USS Gettysburg” қателікпен “Truman”-нан ұшып шыққан “F/A-18” ұшағын атып түсірген, сәуір айында басқа бір “F/A-18” жойғыш ұшағы “Truman” кемесінің палубасынан сырғып кетіп, Қызыл теңізге құлаған.

Мамыр айында Қызыл теңіздегі әуе кемесіне қону кезінде тағы бір “F/A-18” жойғыш ұшағы қонуға арналған болат тежегіш тростарды ұстай алмай, теңізге құлап түскен. Оқиға нәтижесінде екі ұшқыш катапульта арқылы аман қалған.

Бұл апаттардың ешбірінде адам өлімі тіркелмегенімен, тергеу нәтижелері әлі жарияланған жоқ.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті