ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Газада нөсер жауын салдарынан 10 адам қаза тапты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газаға зертханалық реактивтер мен диагностикалық жабдықтарды жеткізуде қиындықтарға тап болып отырғанын мәлімдеді.
Газада нөсер жауын салдарынан 10 адам қаза тапты
Газада нөсер жауын салдарынан соңғы 24 сағатта кемінде 10 адам қаза тапты / Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы соңғы 24 сағатта Газада нөсер жауын салдарынан кемінде 10 адамның қаза тапқанын, ал мыңдаған босқынның қыста шатырларда тұрып жатқанын хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус сенбі күні әлеуметтік желіде жариялаған мәлімдемесінде, ашық аспан астында қалу, ауызсудың және санитарияның жетіспеуі, сондай-ақ шамадан тыс тығыз қоныстану тұмауды қоса алғанда жедел респираторлық инфекциялардың, сондай-ақ гепатит пен іш өту ауруларының көбеюіне әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Газаға зертханалық реактивтер мен диагностикалық құрал-жабдықтарды жеткізу барысында әлі де кедергілерге ұшырап отырғанын, Израиль тарапынан көптеген материалдың «қос мақсатта қолданылатын» деп танылып, аймаққа енгізілуіне тыйым салынғанын атап өтті.

Тедрос бұл аса қажетті материалдардың шұғыл түрде кіргізілуіне рұқсат беруге шақырып, олардың ауру ошақтарын дер кезінде анықтау, алдын алу және емдеу үшін  маңызды екенін айтты.

Израиль 2023 жылдың қазан айынан бері Газада 70 300-ден астам адамның өліміне себеп болды. Олардың көпшілігі ˗ әйелдер мен балалар. Сондай-ақ 171 мыңнан астам адам жараланды. Бұл геноцид атысты тоқтату режиміне қарамастан жалғасуда

Израиль армиясы 2025 жылдың 10 қазанда күшіне енген бітімді бірнеше рет бұзды. Атысты тоқтатуға қарамастан жасалған шабуылдарда Израиль күштері кемінде 386 палестиналықты өлтіріп, 1 018 адамды жаралаған.

Іздеу
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"