ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ханнибал Каддафи кепілдікпен босатылды
Қорғаушысының айтуынша, Ливия төлқұжаты бар Каддафи Ливаннан кетеді.
Ханнибал Каддафи кепілдікпен босатылды
Муаммар Каддафидің ұлы Ханнибал Каддафи / Reuters

«Ливанның бұрынғы көшбасшысы Муаммар Каддафидің ұлы Ханнибал Каддафи он жылға жуық қамауда болғаннан кейін кепілдікпен босатылды»,-   деп қорғаушысы хабарлады. 900 мың доллар көлемінде кепіл төленгеннен бірнеше сағат өткен соң дүйсенбі күні қорғаушы Лоран Бэйон: «Біз шықтық, ол енді бостандықта»,- деді.

49 жастағы Ханнибал Каддафи 1978 жылы ливандық шиит діндар Мұса Садрдың Ливияда жоғалып кетуіне қатысты ақпаратты жасырды деген айыппен ұсталды, бірақ осы күнге дейін сот өтпеді. Садр жоғалған кезде Каддафи екі жаста болатын.

Бэйон дүйсенбі күні таңертең «Кепіл бүгін таңертең төленді. Ханнибал Каддафи ақыры бостандыққа шығады. Бұл ол үшін 10 жылға созылған қорқынышты түс­тің соңы», - деді.

Қазан айында сот Каддафиді 11 миллион доллар кепілмен босатуға шешім шығарған еді, алайда қорғаушылардың шағымынан кейін бұл сома өткен апта 900 мың долларға дейін төмендетілді.

Ливандық сот дерегіне сүйенсек, дүйсенбі күні кепіл сомасы төленген және Каддафидің заңгерлік тобы босату рәсімдерін аяқтаған.

Бэйон Каддафидің Ливия төлқұжаты бар екенін және «құпия» бір жерге кететінін мәлімдеді. «Каддафи он жыл бойы Ливанда заңсыз қамауда отырды. Мұның басты себебі сот жүйесінің тәуелсіз болмауынан. Бірақ оның босатылуы – қаңтарда құрылған реформашыл үкімет тұсында сот тәуелсіздігінің қайта орнауының белгісі», - деді адвокат.

Мұса Садр ˗ «Амал» қозғалысының негізін қалаушы және қазіргі Ливан шиит тобы Хезболланың одақтасы. Ол ресми сапар кезінде көмекшісі және бір журналистпен бірге Ливияда із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді