САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Президент конституцияға қауіп төндіретін оппозицияны ауыздықтау үшін түнде аяқасты эфирде әскери жағдай жариялайтынын хабарлады.
00:00
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады
Оңтүстік Кореяның депутаттары президенттің әскери жағдай жариялауын қабылдамады / Reuters

 

Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл түн ортасында «YTN» телеарнасының тікелей эфирінде күтпеген мәлімдеме жасады. Президент тікелей эфирде әскери жағдай жариялады. Юн бұл радикал қадамға баруға мәжбүр болғанын, бұл елдің еркін және конституциялық құрылымын сақтау үшін қажет екенін алға тартты. Оппозициялық партияларды парламент процесіне кедергі келтірді деп айыптаған Юн бұл жағдайдың елді дағдарысқа апарып жатқанын атап өтті.  

Юн жағдайдың маңыздылығына тоқталып, «Еркін Корея Республикасын Солтүстік Кореяның коммунистік күштерінің қауіп-қатерінен қорғау, халқымыздың бостандығы мен бақытын талан-таражға салып жатқан Солтүстік Кореяны жақтайтын мемлекетке қарсы зұлым күштерді жою және еркін конституциялық құрылымды қорғау үшін әскери жағдай жариялаймын», - деді. Алайда ол үкіметтің әскери жағдай жариялауы аясында нақты қандай қадамдар жасауды жоспарлап отырғаны туралы толық мәлімет бермеді.

 

Юнның мәлімдемесі қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясында көпшілік орынға ие оппозициялық Демократиялық партияға бағытталды.  Осы аптада партия бірнеше жетекші прокурорды жұмыстан босату туралы ұсыныс жасады және үкіметтің бюджеттік ұсынысын қабылдамады. Юнның пікірінше бұл саяси қадам соғыс жағдайын енгізуді қажет ететін дағдарысқа ықпал еткен.

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді