САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ пен Венесуэла президенттері сөйлесті
АҚШ президенті нақты ақпарат беруден бас тартты.
АҚШ пен Венесуэла президенттері сөйлесті
Трамп Венесуэлаға қарсы құрлықта "өте жақын арада" шара қолданатынын мәлімдеген болатын. / REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуромен телефон арқылы сөйлескенін растады, алайда әңгіменің мазмұнына қатысты ақпарат беруден бас тартты.

Жексенбі күні Алғыс айту күнін өткізген Флоридадағы Mar-a-Lago резиденциясынан Вашингтонға оралу жолында президенттік ұшақ бортында журналистерге Трамп: “Бұл туралы пікір білдіргім келмейді. Жауап — иә,” деді.

“New York Times” жұма күні жариялаған материалында екі лидердің өткен аптада телефон арқылы сөйлескенін және жүзбе-жүз кездесу жөнінде пікір алмасқанын бірнеше дереккөзге сүйеніп хабарлаған болатын.

Соңғы күндері Венесуэла әуе кеңістігіне қатысты жасаған қатал ескертуінің жақын арада әуе шабуылы белгісі ме деген сұрақ қойылғанда, ол: “Ондай мағына іздемеңіз,” деп жауап берді.

Венесуэла президенті АҚШ елдің мұнай қорларын басып алу үшін “өлімге әкелетін әскери күш” қолдануға дайындалып жатқанын мәлімдеп, оның елдің аумағына, халқына және билік органдарына қауіп төндіріп тұрғанын айтты.

Трамп бейсенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ-тың “өте жақын уақытта” Венесуэлаға қарсы құрлық операциясын бастайтынын айтқан. Бұл мәлімдеме қыркүйек айынан бері теңізде жүргізілген және кемінде 83 адамның өліміне себеп болған 21 әскери шабуылдан кейін жасалды.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді