ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Қытай АҚШ пен Ресейді келіссөз жүргізуге шақырды
Бейжің Вашингтонды Мәскеумен диалогты қайта бастауға шақырды.
Қытай АҚШ пен Ресейді келіссөз жүргізуге шақырды
Қытай АҚШ пен Ресейді келіссөз жүргізуге шақырды / Reuters

Қытай «Жаңа START» (Стратегиялық қаруларды қысқарту туралы келісім) ядролық қаруды бақылау келісімінің мерзімі аяқталғанына өкініш білдіріп, жаһандық стратегиялық тұрақтылықты сақтау үшін АҚШ-ты Ресеймен белсенді түрде келіссөз жүргізуге шақырды.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Линь Цзянь бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде бұл келісім халықаралық ядролық қарусыздану жүйесін сақтауда өте маңызды рөл атқарғанын атап өтіп, мерзімінің аяқталуы жаһандық ядролық тәртіпке теріс әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

Линь Бейжіңде журналистерге «Қытай АҚШ пен Ресей арасындағы «Жаңа START» келісімінің мерзімі аяқталғанына өкініш білдіреді», – деп, келісімнің жаһандық стратегиялық тұрақтылықты сақтау үшін аса маңызды екенін айтты.

Ядролық қаруға қатысты алаңдаушылықтарға жауап берген Линь Қытайдың қорғаныс мақсатында ядролық стратегия ұстанатынын және бұл мәселеде өте сақ, әрі жауапты екенін жеткізді.

Ол Бейжіңнің ядролық қаруды бірінші болып қолданбау жөніндегі ұзақ мерзімді саясатын және ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге немесе ядролық қарусыз аймақтарға қарсы ядролық қару қолданбау немесе қолдану қаупін төндірмеу жөніндегі шартсыз міндеттемесін тағы да растады.

Бұл мәлімдемелер Ресейдің Мәскеу мен Вашингтонға келісім мерзімі аяқталғаннан кейін де оның негізгі шектеулерін сақтауды ұсынуымен тұспа-тұс келді.

Бейжің Вашингтонды бұл ұсынысқа оң жауап беруге және стратегиялық тұрақтылық мәселесінде Ресеймен диалогты қайта бастауға шақырды.

Бейсенбі күні таңертең мерзімі аяқталған «Жаңа START» келісімі АҚШ пен Ресейдің стратегиялық ядролық күштерін шектейтін соңғы заңды келісім еді. Оның аяқталуы ядролық бәсекенің жаңа кезеңі басталуы мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтті.

Жаңа Стратегиялық қаруларды қысқарту туралы келісім («Жаңа START») 2010 жылдың 8 сәуірде Прагада АҚШ пен Ресей тарапынан қол қойылып, 2011 жылғы 5 ақпанда күшіне енді.

АҚШ-та орналасқан Қару-жарақты бақылау қауымдастығының мәліметінше, бұл келісім 2009 жылдың желтоқсанында мерзімі аяқталған 1991 жылғы «START I» келісімінен кейін қабылданып, сондай-ақ 2002 жылғы Стратегиялық қаруларды қысқарту туралы келісімді алмастырған.

 

Іздеу
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы берді
Сирияда шағын автобусқа жасалған шабуылдан 7 адам қаза тапты
АҚШ армиясын Ирактан шығару үдерісін аяқтағанын хабарлады
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Словакияда мектепке шабуыл жасалды
Токиода толассыз жауын-шашын рекорд жаңартты
Сирияда табиғи газ құбырында өрт шықты
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
Нигерияда кеншілерге шабуыл жасалды
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Польшадағы шабуылдан дін қызметкері көз жұмды
Украинада 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
Суданда алтын базарына шабуыл: 5 адам қаза тапты
Ақ Үй 'Трамп ТВ' арнасын іске қосты