ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Пәкістанда әскери базаға шабуыл жасалды
Пешаварда орналасқан Федералдық жандармерияның штаб-пәтерін нысанаға алған жанкештілердің шабуылынан үш офицер қаза тапты. Қауіпсіздік күштері шабуылдаушылардың екеуін атып өлтірді, ал үшінші террорист өзін жарып жіберді.
Пәкістанда әскери базаға шабуыл жасалды
Пәкістанда әскери базаға шабуыл жасалды / Reuters

Полиция мен құтқару қызметінің өкілдері Пәкістанның солтүстік-батысындағы бір қауіпсіздік күштерінің штаб-пәтеріне дүйсенбі таңертең жанкешті шабуыл жасалғанын хабарлап, кемінде үш қызметкердің қаза тапқанын айтты. Шабуыл кезінде үш террорист көз жұмды.

Террорлық шабуыл Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас Хайбер-Пахтунхва уәлаятының орталығы Пешаварда болды.

Пешавар полиция бастығы Миян Саидтің айтуынша, қақпада тұрған үш федералдық гвардия қызметкері шәйіт болған және төрт адам жараланған. Ол бір жанкештінің Федералдық Жандармерияның сол уәлаяттағы штабының бас қақпасында өзін жарып жібергенін, ал ғимараттың ішіне кіріп үлгерген екі содырдың қауіпсіздік күштері тарапынан атып өлтірілгенін мәлімдеді.

Саид қауіпсіздік күштерінің жедел әрекеті көп адам шығынының алдын алғанын және жағдайдың аз уақыт ішінде бақылауға алынғанын айтты.

Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф шабуылды айыптап, адам өмірін құтқарған шұғыл әрекеті үшін қауіпсіздік күштеріне алғыс білдірді.

Екі басшы да мәлімдемелерінде мұндай «қорқақ шабуылдарға» қарамастан елдің терроризмге қарсы күресті жалғастыратынын атап өтті.

Шабуыл үшін әзірге ешбір топ жауапкершілік алған жоқ. Алайда террорлық шабуылдар жиілеген Пәкістанда бұған дейін де осындай әрекеттермен айыпталған «Техрик-и Талибан Пәкістан»  ұйымы күдікке ілінді.

Бұл шабуыл Исламабад пен Ауғанстандағы Талибан үкіметі арасындағы қатынастарды шиеленістірді. Пәкістан 2021 жылы Талибан билікке қайта келгеннен бері «Техрик-и Талибан Пәкістан» ұйымы содырларының Ауғанстан аумағында еркін әрекет етіп жүргенін алға тартса, Кабул бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы