ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Нью-Йорк қаласындағы мейрамханада қарулы шабуыл: 3 адам қаза тапты
Бруклиннің “Crown Heights” ауданындағы “Taste of the City Lounge” мейрамханасында болған қарулы шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, сегіз адам жараланды. Шабуылды «бірнеше қарулы адам» ұйымдастырғаны хабарланды.
Нью-Йорк қаласындағы мейрамханада қарулы шабуыл: 3 адам қаза тапты
/ AP

Жексенбі күні Нью-Йорктың Бруклин ауданындағы мейрамхана жабылуға дайындалып жатқан сәтте бір топ қарулы адам оқ атып, үш адамды өлтіріп, сегіз адамды жаралады.

Баспасөз мәслихатында Нью-Йорк полиция департаментінің комиссары Джессика Тиш Crown Heights ауданындағы Taste of the City Lounge мейрамханасындағы қарулы шабуыл туралы хабар шамамен сағат 03:30 түскенін мәлімдеді.

Қаза тапқандардың екеуі — 27 және 35 жастағы ер адамдар, ал үшінші кісінің жасы әзірге анықталған жоқ.

Жараланған сегіз адам жақын жердегі ауруханаларға жеткізілген, алайда билік өкілдері олардың жағдайы туралы мәлімет бермеді.

Джессика Тиш «бірнеше адамның» шабуыл жасағанын және олардың әлі ұсталмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол оқиға орнында «бірнеше қарудан» атылған кемінде 36 гильза табылғанын айтты.

«Қазір жасы 27 мен 61 аралығындағы сегізі ер адам және үш әйелмен бірге 11 жәбірленуші анықталды», – деді ол.

Полиция оқиғаға байланысты тергеу бастады.

Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті