Камбоджа мен Тайланд арасында қақтығыс ұшықты
Камбоджа Таиландтың Преахвихеар провинциясында F-16 жойғыш ұшақтарын пайдаланып әуе шабуылдарын жасағанын алға тартты.
Жергілікті “Fresh News” агенттігінің мәліметінше, бейсенбі күні таңертең таиландтық ұшақтар Пном Кмоч және Пик Сбик аймақтарын бомбалаған.
“The Nation” жергілікті жаңалық сайтының хабарлуынша, Таиланд Корольдік армиясы бейсенбі күні халықаралық алаяқтық топтар пайдаланған, соның ішінде казино және қонақүйлермен бірге алтыдан астам ғимаратты жойған.
Қытайдың Азия істері жөніндегі арнайы елшісі де бейсенбі күні екі тарап арасындағы бейбітшілікті мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру мақсатында Камбоджа мен Таиландқа бармақ.
Қақтығыстар басталғалы 12 күн өтті. Екі тараптан қаза тапқандардың жалпы саны кемінде 55 адам деп хабарланды.