ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Перуде наразылықтар күшейді
Президент Хосе Джери Лимадағы Конгресс маңында болған қақтығыстар кезінде бір адамның қаза тапқанын және ондаған адамның жараланғанын мәлімдеді.
Перуде наразылықтар күшейді
Парламенттің бұрынғы президент Дина Болуартені импичментке ұшыратуы елдегі саяси тұрақсыздықты күшейтті / Reuters

Перу президенті Хосе Джери сәрсенбі күні ел астанасы Лимада өткен митинг кезінде болған зорлық-зомбылық салдарынан бір адамның қаза тауып, ондаған адамның жараланғанын айтты. Ел басшылығына бірнеше күн бұрын келген Джери саяси элитаға қарсы бағытталған ашулы наразылықтарды баса алмады.

Биліктің барған сайын ушығып келе жатқан қылмыс дағдарысын шеше алмауына байланысты туған наразылық жастар қозғалысына айналып, Лима мен өзге де қалаларда мыңдаған перулік көшеге шықты.

Әлеуметтік желі арқылы Джери  55 полиция қызметкері мен 20 бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлап, Лиманың орталығындағы Конгресс маңында болған қақтығыстар туралы алғашқы деректерді жаңартты.
Бірнеше минуттан кейін президент наразылықтар кезінде бір адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Жаппай наразылықтар

Оңтүстік Америкадағы Перуде бірнеше аптадан бері толқуларға жалғасып отыр. Жұма күні депутаттар бұрынғы президент Дина Болуартені қызметінен кетіру жөнінде дауыс берді. Дағдарыстың басты себебі ретінде Болуарте көрсетіліп отыр.

Конгресс төрағасы қызметін атқарған оңшыл саясаткер Джери 2025 жылдың сәуір айында өтетін сайлауға дейін уақытша президент ретінде тағайындалған болатын. Сәрсенбі күнгі наразылықтарды жастар қозғалысы, суретшілер топтары мен кәсіподақтар ұйымдастырды.

“AFP” тілшісінің хабарлауынша, түнде кейбір наразылық білдірушілер Конгресс маңындағы қауіпсіздік қоршауын бұзуға тырысқан. Көпшіліктің бір бөлігі тас лақтырып, отшашу жаққан. Ал арнайы жасақ көзден жасаурататын газ қолданған.

Конгреске қарай бет алған 49 жастағы Аманда Меса “AFP” агенттігіне: «Менің ойымша, жалпы наразылықтың себебі – ештеңенің өзгермеуі. Мемлекет тарапынан қауіпсіздік қамтамасыз етілмейді. Бопсалау, кісі өлтіру... Перуде қатты көбейді», – деді.

Болуартеге тағылған айыптар

Болуартенің қызметтен кетуі автобус компанияларының, саудагерлер мен студенттердің қылмыстық топтардың бопсалау әрекеттеріне және төлем жасаудан бас тартқандарға жасалған шабуылдарға қарсы наразылығынан кейін болды.

Бопсалау мен жалдамалы кісі өлтіру Оңтүстік Америка елінде күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. “Los Pulpos” және Латын Америкасында белсенді жұмыс істейтін Венесуэладағы “Tren de Aragua” сияқты бандалар әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерін ұрлап, өтемақы талап етеді.

Джери ұйымдасқан қылмысқа қарсы «соғыс жариялайтынын» айтып, наразылықтарды басуға тырысты.

Сондай-ақ сәрсенбі күні Перу соты өткен аптада Конгресс шешімімен кенеттен қызметінен босатылған бұрынғы президент Дина Болуартенің елден кетуіне тыйым салу туралы прокуратураның өтінішін қабылдамады. Ол билікті асыра пайдалану және ақша жымқыру істері бойынша тергеу астында.

Болуарте Перуде қауіпсіздік дағдарысына байланысты өсе түскен наразылықтар кезінде қызметінен кетті. Көлік қызметкерлері мен жастар бопсалаудың және кісі өлтірулердің көбеюіне қарсы шеруге шыққан. Болуарте өзіне тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарып, «ешқандай заң бұзушылық жасаған жоқпын» деген болатын.

Іздеу
Индонезияда орман өрті: 333 мыңнан астам адам тыныс жолдары инфекциясына шалдықты
Ұлыбритания ықтимал дағдарыстарға дайын болуға шақырды
Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Ресейдің Украинаға шабуылынан 3 адам қаза тауып, 11 адам жараланды
Иран АҚШ-тың MQ-9 дронын атып түсіргенін мәлімдеді
Таиландта су тасқынынан 80 адам қаза тапты
Парсы шығанағы елдері хоуситтерді террористік ұйым деп тануға шақырды
Ресей Киевтегі метро станциясына шабуыл жасады
Нигерияда мина жарылысынан 8 сарбаз қаза тапты
Индонезиядағы ұлттық саябақта өрт шықты
Ресей: «Украинаның логистикалық орталығы мен құрғақ жүк кемесіне соққы бердік»
АҚШ-та бастауыш мектепке жасалған қарулы шабуылда 3 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты
Израиль сарбаздары Сирияның Дера қаласы маңындағы үйлерде тінту жүргізіп, егістіктерге оқ жаудырды
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді