САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Мәскеудің жаппай әуе шабуылына Украинадан жауап
Ресейдің 452 ұшқышсыз ұшақпен жасалған соққысынан кейін Украина өзінің ұшқышсыз ұшақтарымен Ресейдегі инфрақұрылым нысандарын шабуылдады.
Мәскеудің жаппай әуе шабуылына Украинадан жауап
/ Reuters

Жұма күні Украинаның Ресейдің Белгород облысына жасаған теміржол шабуылы байланысты тоқтатып, шекарада шиеленісті күшейтті. Аймақ губернаторы Вячеслав Гладков «Telegram» желісінде шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.

Гладковтың айтуынша, Прохоровский ауданындағы теміржол желісінің астына төселген жарылғыш зат іске қосылып, қосалқы локомотив рельстен шығып кеткен.

Губернатор оқиғадан зардап шеккендердің жоқтығын растап, теміржолшылардың тез арада жөндеу жұмыстарына кіріскенін мәлімдеді. Екі жарым сағаттық үзілістен кейін көлік қатынасы қалпына келтірілді.

Бұл шабуыл Украинаның Ресеймен шекаралас аймақтарындағы инфрақұрылымға жасалған шабуылдардың соңғысы болды.

Сондай-ақ Украина армиясы Саратов пен Рязаньдағы Ресейдің әуе базаларына таң алдында жасаған шабуылдарымен қатар жанармай қоймаларын нысанаға алғанын хабарлады.

Украина Қарулы күштері «Telegram» желісіндегі мәлімдемесінде «Украина Қорғаныс күштері алдын ала соққы берді. Қарсыластың ауқымды шабуылынан бұрын олардың әуе базалары мен басқа да маңызды әскери нысандарына шабуыл жасалды» деп мәлімдеді.

«Батыл әрекет етуіміз керек»

Украина Әскери-әуе күштері Киев пен басқа да қалаларда түні бойы жасалған қарқынды шабуыл кезінде ресейлік 452 ұшқышсыз ұшақ пен зымыранның 406-сын залалсыздандырғанын хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский Кремльді бір түнде 400-ден астам ұшқышсыз ұшақ пен 40 зымыран ұшырды деп айыптады.

Зеленский халықаралық серіктестерді Ресейге қысымды күшейтуге шақырып, екіұштылық құрбандардың көбеюіне әкелетінін және агрессия туындататынын атап өтті.

Зеленский әлеуметтік желідегі жазбасында «Егер басқалары қысым көрсетпесе және уақытты ұзартып адам шығының көбеюіне себеп болса, олар да жауапты болады. Біз батыл әрекет етуіміз керек», - деді.

Іздеу
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Иран АҚШ-қа қарымта шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Украина дағдарысын талқылады