ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иранда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, Иран әуе күштерінің ұшағы түнгі жаттығу кезінде апатқа ұшыраған. Апатқа байланысты тергеу басталды.
Иранда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Иранда әскери ұшақ апатқа ұшырады / Reuters

Иранның мемлекеттік телеарнасы «IRIB» Иранға тиесілі әскери ұшақтың апатқа ұшырағанын және ұшақтағы екі ұшқыштың бірінің қаза тапқанын хабарлады.

«IRIB» Telegram арқылы жасаған мәлімдемесінде Әуе күштеріне тиесілі ұшақтың елдің батысындағы Хамадан қаласында түнгі оқу-жаттығу кезінде құлағанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде: «Апаттың себебі анықталуда», – делінген.

Апат АҚШ Иран маңына ірі әскери күш шоғырландырып жатқан кезде болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу мақсатында Таяу Шығысқа әскери кемелер мен әскери ұшақтарды және өзге де әскери техникаларды орналастырды. Ал Тегеран мұндай әрекетке бармағанын мәлімдеуде.

Трамп өткен ай Иранның шерушілерге қарсы өлімге әкелген әрекеттерін және ядролық бағдарламасын негізге алып, әскери операциямен қорқытқан болатын.

Бейсенбі күні Трамп Иранға келісім жасау үшін 15 күн уақыт бар екенін айтып, әйтпесе соққы жасайтынын мәлімдеді.

Иран АҚШ шабуыл жасаған жағдайда, АҚШ-тың базалары, нысандары мен активтері заңды нысанаға айналатынын ескертті.

Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке және Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына хат жолдады.

Хатта Трамптың сәрсенбі күні әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасалған. Онда АҚШ «Иран келісім жасаудан бас тартқан жағдайда, Үнді мұхитындағы аралды қоса алғанда, британдық әскери базаларды пайдаланатынын» айтқан.

Иравани хатында «АҚШ президентінің мұндай агрессивті мәлімдемесі әскери шабуыл қаупінің шынайы белгісі және оның салдары аймақ үшін апат әкеліп, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке елеулі қатер төндіреді», - деп жазды.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді