ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия: «Кнессеттің Батыс Шерияны аннексиялау туралы шешімі жарамсыз және күші жоқ»
Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті заңсыз және арандатушы қадам ретінде айыптап, Нетаньяху үкіметі аймақтағы дағдарыстарды билікте қалу үшін әдейі ушықтырып отыр деп алға тартты.
Түркия: «Кнессеттің Батыс Шерияны аннексиялау туралы шешімі жарамсыз және күші жоқ»
/ TRT World and Agencies

Түркия Кнессеттің оккупацияланған Батыс Шерияны аннексиялау жөніндегі шешімін қабылдамайтынын білдіріп, бұл шешімнің халықаралық құқық бойынша "жарамсыз және заңдық күші жоқ" екенін атап өтті және бұл қадамның аймақтық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіретінін айтты.

"Батыс Шерия – Палестина жері және 1967 жылдан бері Израильдің оккупациясында тұр" деп мәлімдеген Түркия Сыртқы істер министрлігі сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде: "Израильдің аннексияға бағытталған кез келген талпынысы  бейбітшілік орнатуға қарсы бағытталған заңсыз және арандатушы әрекеттерден басқа ештеңе емес," – деп жазды.

Министрлік мәлімдемесінде "Нетаньяху үкіметінің күш қолдануға негізделген саясаты мен заңсыз әрекеттер арқылы билікте қалуға тырысуы күн сайын жаңа дағдарыстар туындатуда; бұл халықаралық тәртіпке және аймақтық қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіреді," – деп айтылды.

Министрлік халықаралық қоғамдастықты дереу әрекет етуге шақырып,
"Геноцидшіл Израильдің агрессиясына қарсы кідірместен міндетті әрі тежеуші шаралар қабылдануы тиіс; халықаралық жүйе өз құқықтық және моральдық жауапкершілігін нақты түрде орындауы қажет," – деп мәлімдеді.

Израиль 1967 жылғы Таяу Шығыс соғысынан бері Батыс Шерияны оккупациялап келеді.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті