ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ердоған Қаратеңіздегі сауда кемелеріне жасалған шабуылдарды «алаңдатарлық жағдай» деп сипаттады
Президент Ердоған: «Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс Қаратеңіздегі кеме қатынасына қауіп төндіретін деңгейге жетті», - деді.
Ердоған Қаратеңіздегі сауда кемелеріне жасалған шабуылдарды «алаңдатарлық жағдай» деп сипаттады
Ердоған Қаратеңіздегі сауда кемелеріне жасалған шабуылдарды «алаңдатарлық жағдай» деп сипаттады / AA

Президенттік кешенде өткен Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасаған Режеп Тайып Ердоған сыртқы саясаттан бастап өнеркәсіпке, экономика мен қауіпсіздікке дейінгі көптеген мәселені талқылағандарын атап өтіп, отырыста қабылданған шешімдердің халық және бүкіл адамзат үшін қайырлы болуын тіледі.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Қаратеңіз жағалауы маңында Ресейге бағыт алған мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарды «алаңдатарлық жағдай» деп бағалады. Ол бұл мәлімдемесін Анкарадағы Министрлер кабинетінің отырысынан кейін жасады.

Түркияның Көлік министрлігі «Virat» және «Kairos» атты екі кеменің жұма түні Түркия жағалауы маңында жарылыстардан шайқалғанын, ал «Virat» кемесінің сенбі таңында қайтадан соққыға ұшырағанын хабарлаған еді.

Ердоған шабуылдарға қатысты: «Қаратеңіздегі келіспеушіліктер мен шиеленістің еліміздің қауіпсіздігіне және өңірлік тұрақтылыққа қауіп төндіретін деңгейге дейін күшеюіне жол бермейміз», -  деді. Сондай-ақ ол: «Қаратеңізде қауіптің артқанын көріп отырмыз. Өңірдегі шиеленісті азайту үшін дипломатиялық арналдарды ашық ұстап, өзімізге тиесілі міндетті атқаруға дайын екенімізді қайталаймыз», - деп мәлімдеді.

Ердоғанның бұл сөздері Украина әрі әскери, әрі саяси қысымға ұшырап, АҚШ жетекшілігіндегі бейбітшілік бастамалары жылдамдатылған кезеңге дөп келді. Президент: «Тиісті тараптарға қажетті ескертулер жасалды. Оқиғаларды мұқият бақылап, қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған кез келген күш-жігерге үлес қосуға дайынбыз», - деді.

Тарихи бетбұрыс

Ердоған сондай-ақ Түркияның авиация саласында қол жеткізген жаңа табысына тоқталып, ұшқышсыз соғыс ұшағы «KIZILELMA»-ның әлемдік авиация тарихында алғаш рет жетістікке қол жеткізгенін айтты. Ол: «KIZILELMA»-ның бұл нәтижесі ˗ қорғаныс өнеркәсібіндегі серпініміздің айқын көрінісі. «Түркия ғасыры» көзқарасымыздың барлық салада дәл осындай қарқынға ие екенін көру бізді қуантады», - деді.

«Baykar» компаниясының мәліметінше, «KIZILELMA» өткен демалыс күндері реактивті қозғалтқышы бар нысана ұшағын ұзақ қашықтықта әуе зымыранымен атып түсіріп, тағы бір жетістікке қолжеткізді.

Іздеу
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді
Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Гүлер Әзербайжан және Грузиядағы әріптестерімен кездесті
Түркия хоуситтердің шабуылын қатаң айыптады
Президент Ердоған Ұлы Ұлттық Мәжілісінің отырысына қатысты
Рейханлыдағы шабуылға қатысы бар Өмер әл-Хатип ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты мәлімдеме жарияланды
«TEKNOFEST» фестивалі басталды
Шанлыурфада «TEKNOFEST» фестивалі өтіп жатыр
«Türk Telekom» бас директоры Шахин: «Отандық ұялы телефон Малатияда өндіріледі»
Түркия мен Сауд Арабиясы дипломатиялық және арнайы паспорт иелерін визадан босатады
Хакан Фидан Хендрик Вюстпен кездесті
Президент Ердоған Үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Президент Ердоған Индонезия президенті Прабово Субиантомен телефон арқылы сөйлесті
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Біріккен Араб Әмірліктері президентімен кездесті
Түркия Сыртқы істер министрі БАӘ-ге сапарлай барады
Ресей Түркиямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады