ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Исламабад Зеленскийдің айыптауын жоққа шығарды
Пәкістан бұл айыптауды Украина билігімен талқылайтынын және ресми түсініктеме талап ететінін мәлімдеді.
Исламабад Зеленскийдің айыптауын жоққа шығарды
/ Reuters

Исламабад Украина президенті Владимир Зеленскийдің Пәкістан азаматтарының Ресей үшін Украинаға қарсы соғысып жатқаны туралы айыптауын жоққа шығарды.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Пәкістан азаматтарының Украинадағы қақтығыстарға қатысқаны туралы «негізсіз және жалған» айыптауды жоққа шығарды.

Мәлімдемеде «Бүгінге дейін Украина билігі тарапынан Пәкістанға ресми өтініш түспеген және мұндай айыптауларды растайтын нақты дәлел ұсынылмаған» делінген.

Зеленский дүйсенбі күні «Украинаның солтүстік-шығысындағы әскери күштер әртүрлі елдерден соның ішінде Пәкістаннан келген шетелдік «жалдамалы әскерлермен» соғысып жатыр»,- деп мәлімдеді.

Зеленский Украинаның солтүстік-шығысындағы Вовчанск майданына барғаннан кейін «X» платформасында мәлімдеме жасады.  Ол «Майдандағы жауынгерлеріміз Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан және Африка елдерінен келген жалдамалы әскерлердің соғысқа қатысып жатқанын хабарлады. Біз жауап қайтарамыз»,  -  деп мәлімдеді.

Алайда Исламабад бұл айыптауларды Украина билігімен талқылайтынын және ресми түсініктеме талап ететінін баса айтты. Сондай-ақ Пәкістан БҰҰ Жарғысының принциптеріне сәйкес Украинадағы қақтығысты диалог пен дипломатия арқылы бейбіт жолмен шешуге болатынын атап өтті.

Іздеу
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
1300-ден астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Ресей: «Одесса портын және Украина армиясына жүк тасымалдаған кемелерді нысанаға алдық»
Франция 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салды
Ресейдегі "Wildberries" орталықтарына шабуыл жасалды
АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс күшейді: Тегеранда әуе қорғаныс жүйелері іске қосылды