САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
"Шешім табуға мүмкіндік бар ма? Менің ойымша, бар."
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты

Ресей президенті Владимир Путин өз елі мен Украинаның өзара келісімге келуі қажеттігін және бұған мүмкіндік бар екенін мәлімдеп, «Ақыр соңында түйіткілді мәселе қақтығысушы тараптардың арасында шешілуі тиіс», — деді.

Владимир Путин Владивосток қаласында өткен 11-ші Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысты.

Форумда сөз сөйлеген Путин АҚШ-тың Украина дағдарысы шешімін тапқаннан кейін Ресеймен қарым-қатынасқа басымдық беретініне назар аударып, былай деді:

«Ресей мен Украина өзара келісімге келуі керек. АҚШ пен Қытайды қосқанда, басқа елдер де бұл процесті қолдауға дайын. Ақыр соңында мәселе қақтығысушы тараптар арасында шешілуі тиіс. Олар — Ресей мен Украина. Бұл дұрыс ұстаным деп сенеміз. Мәселенің шешілуіне үлес қосуға тырысқандардың бәріне алғыс айтамыз. Ал шешім табуға мүмкіндік бар ма? Менің ойымша, бар».

Путин Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресейдің азаматтық авиациясына қатысты сес көрсеткенін айтып, «Бұл — мемлекеттік терроризмнің көрінісі. Бұл бейбіт келіссөздер жүргізу мүмкіндігін қиындатады. Бұған үнсіз қарап отырған Украинаның батыстағы одақтастары халықаралық терроризмнің сыбайластарына айналуда», — деп баға берді.

Владимир Путин Украина тарапымен арнайы қызметтер арқылы байланыс сақталып отырғанын да атап өтті.

Ресей лидері өз еліндегі отын тапшылығы мәселесіне қатысты «Барлығына дайын болуымыз керек», — деген сөзді қолданды.

Германияның өткен ай Лейпциг-Халле әуежайында жарылғыш зат тиелген ұшқышсыз ұшу аппараты табылуын сылтау етіп, Ресейдің Бонндағы Бас консулдығын жабу туралы шешім қабылдағанын еске салған Путин: «Германия өз фобиялары салдарынан Ресей мен Германия азаматтарын консулдық және мәдени қызметтерді алу мүмкіндігінен айырды. Біздің Берлиндегі Елшілігіміз виза, паспорт және нотариаттық өндеу жұмыстарын өз мойнына алады», — деді.

Іздеу
Хоуситтердің Маашик президент сарайына жасаған шабуылынан 5 адам қаза тапты
Трамп: «Путинмен жұмыс істеу оңайырақ»
CICA Саммитінде көптеген ел өкілі Израиль президенті сөз сөйлегенде залдан шығып кетті
БҰҰ-дан Израильдің Газа секторында заңбұзушылықтарын жалғастырып жатқаны туралы ескерту
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Си Цзиньпин: "Африканың ресурстары Африкаға тиесілі" деді
Француз Мәжілісі жыныстық зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң жобасын қабылдады
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Чехия  Ресейдің НАТО-ға қарсы әрекеттері күшеюі мүмкін екенін ескертті
Туфан Ерхүрман Никос Христодулидиспен кездеседі
Зеленский Ресейді айыптады
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
АҚШ-та судья мемлекеттік қаржымен қаржыландырылған Трамп жарнамаларын тоқтату туралы шешім шығарды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтердің шабуылдарын айыптады
НАТО-ның жыл сайынғы  жаттығулары 13 қазанда басталады