САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Ресейге көбірек санкция салуға шақырды
Трамп: «Мен санкцияларға дайынмын, бірақ олар (Еуропа) да менімен бір деңгейде санкцияларды арттыруы қажет», – деді.
Трамп Ресейге көбірек санкция салуға шақырды
/ AP

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресейге қосымша санкциялар салуға дайын екенін, алайда Еуропаның Вашингтонмен бірге әрекет етуі керектігін айтты.

Трамп жексенбі күні Нью-Джерси штатының Морристаун қаласынан Ақ Үйге қайтар жолда журналистерге:
«Еуропа Ресейден мұнай сатып алуда. Мен олардың мұнай сатып алғанын қаламаймын және қазіргі санкциялар жеткілікті емес. Мен санкция енгізуге дайынмын, бірақ олар да санкцияларды бізбен бір деңгейде арттыруы қажет», – деді.

АҚШ басшысы бұл үндеуді сенбі күні АҚШ-тың «Truth Social» әлеуметтік желісінде НАТО елдері мен әлемге арнаған хатында да жеткізді. Трамп:
«Барлық НАТО елдері бірдей қадам басуға келісіп, Ресейден мұнай сатып алуды доғарғанда Ресейге көлемді санкциялар енгіземін», – деп жазды.

Ол НАТО-ның Ресейге санкциясының 100 пайыздан әлдеқайда төмен екенін атап өтіп, кейбір елдердің Ресей мұнайын сатып алуын «таңғаларлық жағдай» деп сипаттады.

Бұған дейін Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуда ілгерілеу болмаған жағдайда Ресей мұнайын сатып алуды жалғастырған елдерге екінші деңгейлі санкциялар енгізетінін ескерткен болатын.

Қазірдің өзінде АҚШ Ресей мұнайын импорттауды жалғастырып отырған Үндістанға 25 пайыздық қосымша кедендік тариф енгізді.

«G7» елдері мен Еуропалық Одақ орыс мұнайының бағасына шектеу қойды, ал бұған жауап ретінде Ресей Қытай мен Үндістан сияқты елдерге мұнай жеткізілімін арттырды.

27 елден тұратын Еуропалық Одақ 2028 жылдың 1 қаңтарына дейін Ресей мұнайы мен газын импортауды тоқтатуға міндеттеме алған.

Күрес жалғасуда

Украина Президенті Владимир Зеленский Украина күштерінің солтүстіктегі Сумы облысының аудандарында ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді. Бұл Ресей әскерлері бірнеше ай бойы бекінуге тырысқан аймақ.

Зеленский түнде жариялаған видеода қолбасшылардың бірі Донецк пен Харьков облыстарындағы 1 000 шақырымдық майдан шебінде Ресей армиясының елеулі шығынға ұшырағанын мәлімдегінін жеткізді.

Зеленский жоғарғы қолбасшы Александр Сырскийді сөзіне сілтеме жасап, «Сумы облысының шекара аймағында жақсы нәтижелер бар. Әскерлеріміз Украина шекарасына қарай алға жылжуда», – деді.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр