САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Ресей президенті Си Цзиньпин және Трамппен өтетін саммит қарсаңында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы форумында «ультиматумдардың орнына диалог орнатуға» шақырды.
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Путин Си Цзиньпинмен кездесті / AP (Wire)

Ресей президенті Владимир Путин Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) форумында сөйлеген сөзінде «экономикалық қысым құралдарының» енді «өткеннің еншісінде қалғанын» мәлімдеді.

Әлемде түбегейлі өзгерістер болып жатқанын атап өткен Путин өңірлік ынтымақтастықтың неғұрлым әділ, демократиялық және тең құқылы әлемдік тәртіпті нығайтуға ықпал ететінін айтты. Бұрын үстемдік еткен күштердің табысты елдердің дамуына кедергі келтіруге тырысып жатқанын алға тартқан Путин аймақ елдерінің мемлекеттік, халықтық және әлеуметтік-экономикалық егемендіктерін нығайтуға бет бұрғанын жеткізді.

Ресей бетпе-бет келіп отырған санкцияларға тоқталған Путин санкциялардың, кедендік тарифтер мен экспорттық шектеулердің дамуға кедергі келтіргенімен, экономикалық өсімді толықтай тоқтата алмағанын атап өтті.

Путин қазіргі жаһандық ахуал «үстемдік орнына теңдікті, оқшаулау орнына әріптестікті және ультиматумдар орнына диалогты» талап ететінін баса айтып, APEC -тің халықаралық байланыстар үшін маңызды мүмкіндіктер ұсынатынын жеткізді.

Сонымен қатар Путин 33-ші APEC экономикалық көшбасшыларының кездесуі аясында Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен кездесті. Екі көшбасшы бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп та қатысады деп күтіліп отырған үшжақты саммит қарсаңында энергетика, қаржы, Украина және Солтүстік Корея мәселелерін талқылады.

Си Цзиньпин де APEC отырысының беташарында жасанды интеллект және еркін сауда салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыруға шақырды. Ол Қытайдың кедендік тарифтерді төмендету және нарыққа қолжетімділікті кеңейту арқылы ауқымды реформалар жүргізетінін айтты.

Бұдан бөлек Си Цзиньпин Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мёнмен жеке кездесу өткізді.

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр