ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Малиде содырлар үш үндістандық азаматты алып қашты
Үндістан Малиде содырлар шабуылы кезінде үш азаматының алып қашырылғанын растады және бұл мәселеге байланысты Мали үкіметімен байланыста екенін мәлімдеді.
Малиде содырлар үш үндістандық азаматты алып қашты
/ AP

Үндістан Сыртқы істер министрлігі осы аптада Батыс Африкадағы Мали елінде болған содырлар шабуылы кезінде цемент зауытында жұмыс істейтін үш үндістандық азаматтың алып қашырылғанын хабарлады.

Министрлік мәлімдемесінде сейсенбі күні Кайес қаласындағы “Diamond” цемент зауытына “қарулы содырлардан құралған топтың үйлестірілген шабуыл жасағаны” және осы оқиға кезінде үш үндістандық азаматтың “күшпен кепілге алынғаны” айтылды.

Үндістанның Малидегі елшілігі Мали үкіметімен және алып қашырылған азаматтардың отбасыларымен “тығыз және тұрақты байланыста” екені де атап өтті.

Үндістан тарапы содырлар туралы толық мәлімет бермей, олармен байланыс орнатылғаны немесе орнатылмағанын нақтыламады.

Алайда “2025 жылғы 1 шілдеде Мали елінің батысы мен орталығындағы бірнеше әскери және мемлекеттік нысан лаңкестердің шабуылына ұшырады” деп мәлімдеді.

2012 жылдан бері Мали елдің солтүстігінде басталып, кейін бүкіл аумақты қамтыған көршілес Буркина-Фасо мен Нигерге дейін тараған бүлікпен күресіп келеді.

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді
Ресей шабуылдарынан Киевте 8 адам қаза тауып, 33 адам жараланды
Ресейдің Башқұртстан аймағындағы мұнай өңдеу зауыты шабуыл салдарынан зақымданды
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетін жұқтырғандар саны 5 мыңнан асты
Иран Мәжілісінің төрағасы Калибаф Иракқа сапарын Сүлейманиге тағзым етуден бастады
Сирияда газ тасымалдайтын құбыр желісінде жарылыс болды