ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Төрт айда 3,9 миллиард доллар көлемінде астық өнімдері экспортталды
Қаңтар–сәуір айларында Түркиядан 3,9 миллиард доллар көлемінде астық, бұршақ дақылдары, майлы дақылдар және олардан өндірілген өнімдер экспортталды.
Төрт айда 3,9 миллиард доллар көлемінде астық өнімдері экспортталды
Төрт айда 3,9 миллиард доллар көлемінде астық өнімдері экспортталды / Reuters

Түркия экспорттаушылар мәжілісі таратқан мәліметке сәйкес, астық, бұршақ дақылдары, майлы дақылдар және олардан өндірілген өнімдер секторы жылдың алғашқы төрт айында 3,9 миллиард доллар көлемінде өнім экспорттады.

Күнбағыс майы, шоколад, какао өнімдері, макарон, печенье мен вафли, түрлі кондитерлік өнімдер және бидай ұны секілді негізгі азық-түлік тауарларын қамтитын бұл сектордың экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлем жағынан 16,7 пайыз, ал құн жағынан 5,2 пайыз төмендеді.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда экспорт көлемі 24 пайыз артып, 452,2 миллион долларға жеткен күнбағыс майы секторы бірінші орынға шықты. Одан кейін экспорты 14,4 пайыз азайып, 343,2 миллион долларды құраған шоколад және какао өнімдері бар.

Түркия экспорттаушылар мәжілісі Астық, бұршақ дақылдары, майлы дақылдар және олардан өндірілген өнімдер жөніндегі салалық кеңестің төрағасы Ахмет Тирякиоглу құрғақшылық қаупі мен тыңайтқыш жеткізудегі қиындықтарға байланысты бидай бағасының өскенін мәлімдеді.

Тирякиоглу Түркияның әлемдегі қолайсыз ахуалды отандық өндірістің әлеуеті арқылы еңсеруге мүмкіндігі  бар екенін атап өтті.

«Жылдың алғашқы төрт айында көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары болған жауын-шашынның арқасында жеріміз суға жақсы қанықты. Сондықтан биыл бидаймен қатар астық түсіміне қатысты жақсы болжамдар бар. Әлемдік бағаның құбылмалылығы күшейген кезеңде мол өнімге деген үмітіміз және оны өңдеуге қабілетті өнеркәсіптік инфрақұрылымымыз Түркияны тек өз қажеттілігін қамтамасыз ететін ел ғана емес, сонымен қатар өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайтатын стратегиялық тірекке айналдырады», - деді Тирякиоглу.

Іздеу
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Президент Ердоған БҰҰ мінберінен әлемге үн қатады
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті
Сомалиде Түркияның қолдауына алғыс білдіру шерулері өтті
Әзербайжан президенті Әлиев Сыртқы істер министрі Фиданмен кездесті
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Израиль баспасөзі: "Президент Ердоған Түркияны Таяу Шығыста күрделі актерге айналдырды"
Сирия-Түркия қарым-қатынастары соңғы 2 жылда үлкен серпін алды
Грек баспасөзі: «Түркияның ірі держава ретіндегі күшін елемеуге болмайды»
Түркия мен Ирак Анкарада қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Түркия «PISA»-да алғашқы бестікке енуді көздейді
Түркия мен Италия ынтымақтастықты нығайтады
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Түркия Сирияға көңіл айтты