САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Кремль: АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер жақын арада өтуі мүмкін
Кремльдің хабарлауынша  АҚШ пен Ресей арасындағы кезекті келіссөздердің жексенбі күні немесе алдағы аптаның басында өтуі күтілуде.
Кремль: АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер жақын арада өтуі мүмкін
/ Reuters

Кремльдің хабарлауынша  АҚШ пен Ресей арасындағы кезекті келіссөздердің жексенбі күні немесе алдағы аптаның басында өтуі күтілуде. Бұл кездесу Вашингтонның Киевпен де келіссөздер жүргізуді жоспарлаған кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр.

Кремль АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздердің жексенбі күні немесе келесі аптаның басында өтуі мүмкін екенін, ал Вашингтонның алдағы күндері Киевпен де келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

"Бұл жексенбі күні өтпеуі мүмкін. Егжей-тегжейлер бойынша келіссөздер жүргізілуде. Келесі аптаның басында, тіпті ең алғашқы күндері өтуі ықтимал," – деді Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бейсенбі күні.

Сонымен қатар ол Еуропа елдерін бейбітшілікке ұмтылудың орнына өздерін "әскерилендіру" жоспарларын құрумен айналысып жатыр деп айыптады. Бұл мәлімдеме Ұлыбританияда әскери басшылардың Украина қорғанысын талқылауға жиналған кезінде жасалды.

"Брюссель мен Еуропа астаналарынан таралып жатқан ақпараттың көпшілігі Еуропаны әскерилендіру жоспарларына қатысты," – деді Песков.

"Еуропа өзін әскерилендіру жолына түсірді және белгілі бір мағынада соғысушы тарапқа айналды," – деп қосты ол.

Еуропа Украина қорғанысын қолдайды

Еуропалық Одақ көшбасшыларының саммиті қарсаңында қызметінен кетуге дайындалып жатқан Германия канцлері Олаф Шольц Вашингтон мен Мәскеу арасындағы кез келген келіссөздерге қарамастан Еуропаның Украинаны мықты түрде қолдауды жалғастыруы қажеттігін мәлімдеді. Оның айтуынша бұл Киевтің күшті ұстанымда болуын қамтамасыз етіп, кез келген бітімнің ұзақ мерзімді тұрақтылығына кепілдік беруі тиіс.

"Бұл – Украинаның тәуелсіздігі мен егемендігін қорғай алуы, өз бағытын өзі анықтауы, өз көшбасшыларын өзі таңдауы және әрине бейбіт кезеңде қуатты армияға ие болуы дегенді білдіреді."- деді ол.

Шольц сондай-ақ Германияның ықтимал жаңа коалициясы мақұлдаған қорғаныс және инфрақұрылым шығындарын қаржыландыруға арналған қарыз пакеті осы стратегияның маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Одақтың сыртқы саясат жөніндегі жетекшісі Кая Каллас Украинаға қолдаудың нақты әрекеттермен көрсетілуі керектігін, әсіресе соғыстан зардап шеккен елге қажетті оқ-дәрілер жеткізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін айтты.

"Егер көшбасшылардың мәлімдемелерін тыңдайтын болсаңыз, қолдау жеткілікті сияқты. Сондықтан бұл қолдау нақты әрекеттерде, сандарда, Украинаға аса қажет оқ-дәрі жеткізілімінде көрініс табуы керек. Біз бұл бағытта алға жылжитынымызға сенімдімін," – деді Каллас.

Бұған дейін Каллас Reuters агенттігіне жолдаған хатында Украинаға екі миллион дана ірі калибрлі артиллериялық снаряд жеткізу жоспарын атап өткен болатын.

Іздеу
БҰҰ: Израильдің балаларды әдейі нысанаға алуы — Газада жалғасып жатқан геноцидтің бір бөлігі
Трамп соғыс өкілеттіктері туралы заң жобасының қабылдануына қатысты пікір білдірді
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
Швейцариядағы Иран-АҚШ келіссөздерінде не шешілді?
Мәскеу әуежайлары уақытша жабылды
АҚШ пен Иран Швейцариядағы жоғары деңгейлі келіссөздерді аяқтады
Иран: «Ливандағы қақтығысты тоқтату талпыныстары ілгерілеуде»
Зеленский Ресейдің ауқымды шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді
Еуропалық Одақ: «Бізге Түркия қажет»
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы меморандумға «делдал» ретінде қол қойды
Ормуз бұғазын қайта ашу жөніндегі тарихи келісім күшіне енуде
АҚШ–Иран келісімі ресми мәртебе алды
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді
Иран баспасөзі: “АҚШ-пен қол жеткізілген келісім мәтіні қол қойылғаннан кейін жарияланады”
Трамп: «Иранмен ауқымды келісім жасалды»
Трамп пен Зеленский «G7» саммиті аясында кездесті
Израиль министрі Бен-Гвир визадағы қиындықтарға байланысты АҚШ-қа жоспарлаған сапарынан бас тартты
Әлемдегі ең бай 500 адамның байлығына бір күнде 336 миллиард доллар қосылды