МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Әзербайжандық әртістер Стамбулда «La Traviata» қойылымын сахналайды
Джузеппе Вердидің «La Traviata» операсы бүгін және ертең Мемлекеттік опера және балет басқармасы ұйымдастырған 17-ші Халықаралық Стамбул опера және балет фестивалінде өнер сүйер қауыммен кездеседі.
Әзербайжандық әртістер Стамбулда «La Traviata» қойылымын сахналайды
Әзербайжандық әртістер Стамбулда «La Traviata» қойылымын сахналайды

Вердидің ең көп сахналанатын туындыларының бірі «La Traviata» операсы Ататүрік мәдениет орталығы «Türk Telekom» опера залында көрерменге жол тартады.

Әзербайжан Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртістері, Әзербайжанның классикалық музыка және опера өнерінің халықаралық деңгейде танымал әрі табысты тұлғалары — дирижер Эйюб Гулиев, сопрано Инара Бабаева және тенор Рамиль Гасымов фестивальде өнер көрсетіп, көрермендермен жүздеседі.

Әзербайжан Мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижеры Эйюб Гулиев «Анадолы» агенттігі тілшісіне берген сұхбатында бұл шақыртуды алғаш рет алып отырғанын білдіріп, «Түркияның Анкара, Стамбул, Измир және Бурса қалаларында көптеген концерттерім өтті. Менімен бірге әзербайжандық опера әртістеріміз де фестивальге қатысуда. Біздің қойылымдарымызда екі бауырлас елдің солистері бір сахнаны бөліседі», — деді.

«Осындағы жылы жүзді адамдардың күлкісі мені қатты қуантады»

Сопрано Инара Бабаева Түркияға келгеніне өте қуанышты екенін жеткізіп, «Бұл — менің Стамбул опера және балет фестиваліндегі алғашқы қойылымым. Бұл жолы Виолетта Валери бейнесін сомдаймын. Өте ризамын. Бұл жерде өзімді қонақ емес, өз отбасымның ортасында жүргендей сезінемін. Стамбулда әртүрлі концерттер мен театрларда өнер көрсеткенмін. Бірақ бұл зәулім ғимаратта бірінші рет сахнаға шығуым. Дайындық уақытымыз өте аз болды. Осы аралықта телефон арқылы сөйлесіп, таныстық. Бұл жерге толықтай дайын болып келдік. Опера мен классикалық музыка сүйер қауымды шын жүректен шақырамын», — деді.

Тенор Рамиль Гасымов Түркия мен Әзербайжан арасындағы достықтың берік екенін айтып, «Ұлы көшбасшы Гайдар Әлиевтің әрқашан "Біз бір ұлт, екі мемлекетпіз" деуі кездейсоқ емес. Біздің дініміз, тіліміз, ой-санамыз, мәдениетіміз бен ортақ құндылықтарымыз өте көп. Стамбулға бірінші рет келуім. Осындағы жылы жүзді адамдардың күлкісі мені қатты қуантады. Стамбул Мемлекеттік опера және балет театрында өнер көрсету мен үшін үлкен мақтаныш», — деп ағынан жарылды.

Кіші Александр Дюманың өлмес туындысы «Камелия ұстаған ханым» романынан шабыт алған, Джузеппе Вердидің басты жауһарларының бірі «La Traviata» операсы махаббат пен жанқиярлықтың әсерлі хикаясын ғажайып музыкамен ұштастырады.

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді