ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Израиль күштері алғаш рет Газада бес жасар Хинд Раджабты өздері өлтіргенін мойындап, қылмыстық тергеу басталғанын хабарлады.
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады. /Сурет: Reuters

Израиль сәрсенбі күні 2024 жылы 29 қаңтарда Раджабтың және 2025 жылы наурыз айында Газада 15 жедел жәрдем және гуманитарлық көмек қызметкерінің өз сарбаздары тарапынан өлтірілуіне қатысты ішкі қылмыстық тергеу бастайтынын мәлімдеді.

Израиль бұған дейін бұл өлімдерге қатысты барлық мәліметті жоққы шығарып келген. Бірнеше айдан кейін жүргізілген алдын ала тергеуде өз күштерінің «көліктің маңында болмағанын және оқ ату қашықтығында тұрмағанын» анықтағанын мәлімдеген еді.

Раджаб Газаның солтүстігінде көлікпен келе жатқан отбасының жеті мүшесінің бірі болған. Көлік Израиль күштерінің оғынан зардап шекті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Газада қаза тапқан Хинд Раджабтың отбасымен кездесті

Алғашқы шабуылдан аман қалған Раджаб бірнеше сағат бойы Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамының парамедиктерімен телефон арқылы сөйлесіп, көмек сұраған.

Оны құтқаруға жіберілген жедел жәрдем көлігі де оқ астында қалды.

Раджабтың денесі Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірнеше сағатқа созылған шарасыз телефон әңгімесінен кейін онымен соңғы рет байланыс орнатылғаннан 12 күн өткен соң, оқ тескен көліктің ішінен табылды.

Раджабтың парамедиктермен телефон арқылы сөйлескен аудиожазбалары халықаралық деңгейде наразылық туғызып, оның өліміне және Газада қаза тапқан мыңдаған басқа баланың өліміне жауаптыларды жауапқа тарту талаптарын күшейтті.

Осы оқиға бойынша түсірілген «The Voice of Hind Rajab» (“Хинд Раджабтың үні”) фильмі 2026 жылы «Оскар» сыйлығына ұсынылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Газа соғысы туралы фильм Венеция кинофестивалінде екінші орын иеленді
Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады