САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Германияда 14 жасқа дейінгі қыз балаларға орамал тағуға тыйым салу талабына қарсылық білдірілді
Германия Ислам кеңесі “AfD” партиясының 14 жасқа дейінгі қыздарға орамал тағуға тыйым салу туралы талабына наразылық білдірді.
Германияда 14 жасқа дейінгі қыз балаларға орамал тағуға тыйым салу талабына қарсылық білдірілді
(МҰРАҒАТ) AfD тең төрағасы Алис Вайдель

“AfD” партиясының Бундестагтағы фракциясы мемлекеттік білім беру мекемелерінде балалардың орамал тағуына тыйым салатын Австрия моделін Германияда да қолдануға шақырған болатын.

Германия Ислам кеңесінің төрағасы Бурхан Кесиджи оңшыл радикалды «Германия үшін балама» (AfD) партиясының Австрияны үлгі ете отырып, Германияда да 14 жасқа дейінгі қыздарға орамал тағуға тыйым салуды талап етуін айыптады.

Бурхан Кесиджи «Анадолы» агенттігінің тілшісіне берген мәлімдемесінде оңшыл радикалды “AfD-ның” Германияда 14 жасқа дейінгі қыздарға орамал тағуға тыйым салу талабына баға берді.

Германияда дін бостандығы конституциялық кепілдікпен қорғалғанын атап өткен Кесиджи “AfD-ның” бұл ұсынысы елде тұратын мұсылмандарды шеттететін тәсіл екенін білдірді.

Кесиджи бұл пікірталастың алдағы жергілікті сайлаулармен де байланысты болуы мүмкін екеніне назар аударып, мұсылмандардың саяси айтыс-тартыста нысанаға алынуы қоғамдық жіктелуді арттыратынын алға тартты.

“AfD” партиясының Бундестагтағы фракциясы мемлекеттік білім беру мекемелерінде балалардың орамал тағуына тыйым салатын Австрия моделін Германияда да қолдануға шақырған болатын.

Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды