ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Еуропалық комиссия мүшелері Түркияда бірқатар кездесу өткізеді
Бұл сапар Түркия мен ЕО арасындағы оң атмосфераны күшейтіп, екіжақты қатынастарға жаңа серпін бермек.
Еуропалық комиссия мүшелері Түркияда бірқатар кездесу өткізеді
Еуропалық комиссия мүшелері Түркияда бірқатар кездесу өткізеді

Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары әрі Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас, Еуропалық комиссияның Даму мәселелері жөніндегі мүшесі Марта Кос және Ішкі істер мен көші-қон мәселелері жөніндегі мүшесі Магнус Бруннер бүгін Түркияға ресми сапармен келеді.

Комиссия мүшелері Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездеспек.

Кездесу барысында Хакан Фидан Түркияның Еуропалық одаққа толыққанды мүшелікке ұмтылысы президент Ердоған айқындаған көзқарасқа сәйкес елдің негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі болып қала беретінін мәлімдейді. Сондай-ақ қазіргі жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде Түркия мен ЕО арасындағы қарым-қатынасты ортақ мүдделер негізінде әрі сындарлы арнада дамытуға ықпал ететін ұстанымның маңызын атап өтпек.

Министр Фидан ЕО-ның кеңею үдерісі әділдік қағидаттарын негізге ала отырып жалғасуы қажет екенін жеткізеді.

Осыған байланысты министр Түркия мен ЕО қатынастарына шектеу қоятын, 2019 жылдың 15 шілдесінде қабылданған ЕО Сыртқы істер кеңесінің шешімдерінің толық күшін жою қажеттігін атап өтпек. ЕО-ны нақты әрі сындарлы қадам басуға шақырып, 2025 жылдың 15 шілдесіндегі Шенген визасын рәсімдеуді түрік азаматтары үшін жеңілдетуді көздейтін шешімнің тиімді іске асырылуы және оның түрік жүк көлігі жүргізушілерін қоса алғанда барлық санаттағы азаматтарды қамтуы қажет екенін мәлімдемек.

Еуропалық комиссия мүшелерінің Түркияға ресми сапары  ̶  ЕО-ның өзгеріп жатқан жаһандық жағдайда Түркиямен қарым-қатынасқа ерекше мән бере бастағанының көрінісі.

Сонымен қатар Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта мен Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйеннің де 7–8 шілдеде Анкарада өтетін НАТО саммиті аясында Түркияға келмек.

Еуропалық одақ – Түркияның ең ірі сауда серіктесі, ал Түркия – ЕО-ның бесінші ірі сауда серіктесі. 2025 жылы Түркия мен ЕО арасындағы тауар айналымы шамамен 233 миллиард АҚШ долларына жетті.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды