ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Сыртқы істер министрі 16–17 маусым күндері Ресейге сапарлай барады
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шақыруымен 16–17 маусым күндері Ресейге сапарлай барады.
Түркия Сыртқы істер министрі 16–17 маусым күндері Ресейге сапарлай барады
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан. (AA мұрағаты)

Дипломатиялық дереккөздердің мәліметінше, министр Фиданның Мәскеуге сапары аясында Ресей президенті Владимир Путин, әріптесі Сергей Лавровпен және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуі жоспарланған. Сонымен қатар Фидан Ресейде жұмыс істейтін түрік кәсіпкерлерімен де жүздеседі.

Министр Фиданның кездесулері барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастың өңірлік тұрақтылық пен әл-ауқат үшін стратегиялық маңызына назар аударылады. Сауда, энергетика және қауіпсіздік салаларын қоса алғанда, екіжақты қатынастарға қатысты техникалық және дипломатиялық мәселелер жан-жақты талқыланады.

Түркия келіссөздерге қайтадан алаң ұсынуға дайын

Сапар аясында талқыланатын басты мәселелерінің бірі Ресей мен Украина арасындағы соғыс болмақ. Министр Фидан Түркияның тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған дипломатиялық күш-жігерге берік екенін білдіріп, Анкараның 2022 және 2025 жылдардағыдай тараптар арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңіне де алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдейді деп болжануда.

Фидан Қаратеңіздегі шиеленістің күшеюі жаһандық қауіп төндіріп отырғанына назар аударып, Түркия ұсынған кеме қатынасы қауіпсіздігі тетігі мен энергетикалық инфрақұрылымдар және порттарды қамтитын бітімгерлік ұсыныстың әлі де өзекті екенін атап өтеді.

Экономикалық байланыстар мен энергетикадағы маңызды кезең

2010 жылы құрылған Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі аясында дамып келе жатқан екіжақты қатынастардың экономикалық көрсеткіштері назар аударады. 2025 жылы Түркия мен Ресей арасындағы тауар айналымы 49 миллиард АҚШ долларынан асты, ал Түркияға келген ресейлік турист саны 6,9 миллион адамға жетті.

Энергетика саласындағы ең ірі бірлескен жобалардың бірі – Аккую атом электр станциясы (АЭС) жобасы да шешуші кезеңге аяқ басты. Жоба аясында алғашқы реакторды биыл іске қосу жоспарланып отыр.

Министр Фидан Ресейге соңғы сапарын 2025 жылғы мамыр айында жасаған болатын. Ал Сергей Лавровпен соңғы рет 2026 жылғы сәуірде Анталия дипломатиялық форумы аясында кездескен еді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?