САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп АҚШ Орталық банк төрағасының дереу отставкаға кетуін талап етті
АҚШ президенті Дональд Трамп Федералдық резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэллдың «дереу отставкаға кетуі тиіс» екенін мәлімдеді.
Трамп АҚШ Орталық банк төрағасының дереу отставкаға кетуін талап етті
/ REUTERS

Трамп бұл мәлімдемесін Truth Social әлеуметтік желісінде жасап, Пауэллға қатысты Bloomberg агенттігі жариялаған мақалаға сілтеме жасады. Онда Федералдық Тұрғын үй қаржыландыру агенттігінің директоры Уильям Пульте Конгресті Пауэллға қарсы тергеу бастауға шақырған болатын.

Пауэллдың лақап есімін қолданып, «Өте Кеш дереу отставкаға кетуі керек!!!» деп жазған Трамп Пультенің талаптарына жанама қолдау көрсетті.

Уильям Пульте Пауэллды «саяси бейтараптықтан ауытқу» және «Сенат тыңдауларында жалған ақпарат беру» сияқты айыптармен Конгрестік тергеуге тартуға шақырды. Сондай-ақ ол Федералдық резерв жүйесінің 2,5 миллиард долларлық штаб-пәтерін жөндеу жобасына байланысты Пауэллды жалған мәлімдеме жасады деп айыптап, бұл жағдайды «ашық тәртіп бұзушылық» деп атады.

Пауэлл алғаш рет Трамптың өзі тарапынан алғашқы президенттік мерзімінде Федералдық резерв жүйесінің төрағалығына ұсынылған болатын. Алайда Трамп оның «пайыздық мөлшерлемені төмендетуді кешіктіргені» үшін Пауэллды бірнеше мәрте сынға алған. Кейіннен АҚШ президенті болған Джо Байден Пауэллды екінші мерзімге қайта ұсынды.

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді